Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 ақпан N 175

Қолданыстағы

       Отандық өндірушілерді қорғау және Қазақстанға импортталатын мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің көлемін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында

тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын 
лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  

P971037_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) 
мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы 1,2 және 3-бағандар мынадай 
мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     
     "Уайт-спирит           271000210        Қазақстан
     Басқалары              271000250        Республикасының
     Жеңіл дистилляттар     271000390        Энергетика,
     басқалары                               индустрия және
     Қайта өңдеудің арнаулы 271000410        сауда министрлігі".
     процестеріне арналған
     орта дистилляттар
     Процестерде химиялық
     ауыстыру үшін          271000450
     
     2. Осы қаулы ол жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін 
күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.     
 Икебаева А.