Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 ақпан N 170

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 p980983_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Кеңес басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, 
Кеңес басшысының орынбасары";
     2) "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының 
Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)";
     3) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Кәкімжанов 
Зейнолла Халидоллаұлы енгізілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
 Орынбекова Д.
 Қобдалиева Н.