Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 ақпан N 134

Қолданыстағы
 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Арнайы полиция" (шаруашылық жүргізу құқығында) және "Ақпараттық-өндірістік орталық" (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) "Сақшы-На страже" апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы" мекемесі;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазақстан санаторийі" мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Арман" санаторийі" мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);
      "Жеке батыр" санаторийі" мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарды (бұдан әрі - Кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

 

кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж. N 29, 256-құжат)

мынадай толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындар тізбесінің "Қазақстан Республикасының Ішкі істер

министрлігі" деген тарауы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 461-3 -

461-10 жолдармен толықтырылсын:

     "461-3   "Арнайы полиция" республикалық    Астана қаласы

              мемлекеттік кәсіпорны

              (шаруашылық жүргізу құқығында)


     461-4    "Ақпараттық-өндірістік орталық"   Астана қаласы

              республикалық мемлекеттік

              кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

              құқығында)


     461-5    "Сақшы-На страже" апталық         Астана қаласы

              республикалық мемлекеттік

              кәсіпорны (шаруашылық

              жүргізу құқығында)


     461-6    "Күзет" республикалық мемлекеттік  Астана қаласы

              кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

              құқығында)


     461-7    "Қазақстан санаторийі"             Алматы қаласы

              республикалық мемлекеттік

              қазыналық кәсіпорны


     461-8    "Арман" санаторийі"                Оңтүстік Қазақстан

              республикалық мемлекеттік          облысы Сарыағаш

              қазыналық кәсіпорны                ауданының Көктерек

                                                 поселкесі


     461-9    "Жеке батыр" санаторийі"           Солтүстік Қазақстан

              республикалық мемлекеттік          облысы Шучье ауданының

              қазыналық кәсіпорны                Шучье қаласы


     461-10   "Шалқар су санаторийі"             Солтүстік Қазақстан

              республикалық мемлекеттік          облысы Айыртау ауданының

              қазыналық кәсіпорны                Айыртау селосы".


     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Кобдалиева Н.