"Ұлан" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 ақпан N 128

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұлан" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Республикалық ұлан мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Республикалық ұлан Кәсіпорынның жарғылық капиталын

 

қалыптастырсын, жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оны

мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі

477-жолмен толықтырылсын:

                    "Республикалық ұлан

     477. "Ұлан" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

     (шаруашылық жүргізу құқығында)                   Астана қаласы".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

Орынбекова Д.

Қобдалиева Н.