1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 P981376_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ:
Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын;
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын;
2) 3-тармақтағы "сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметін" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде оларға
қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын тауарлардың тізбесі"; "СЭҚ ТН коды Тауарлардың қысқаша атауы" деген бағандарда: "040700" деген жолдағы "немесе пісірілген" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіруді қадағалауының рұқсаты болған кезде инкубаторға арналған құстардың жұмыртқаларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын; 1001 жолдағы "Бидай мен меслин" деген сөздерден кейін "(өндіру немесе селекциялық жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының бидайы сорттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; "1902 Спагетти, макарондар, кеспе сияқты жылумен өңдеуге жатқызылған немесе жатқызылмаған, ашымаған қамырдан жасалған бұйымдар" деген жолдан кейін: "210210 Жылдам ашытқылар" деген жолмен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Икебаева А.