Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 қаңтар N 36

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) 
мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы тараумен және реттік нөмірі 473-
жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
     473 Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Банкінің шаруашылық жүргізу
     құқығындағы "Қазақстан монет
     сарайы" республикалық
     мемлекеттік кәсіпорны                  Өскемен қаласы".
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
 Орынбекова Д.
 Кобдалиева Н.