Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 847 P980847_ және "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бас есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
2. Мына мекемелер:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметтік үй-жайларды пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқармасы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен;
2)
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан 2)тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің
1999.08.27. N 1264 қаулысымен. P991264_
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ құрылып отырған кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264
қаулысымен. P991264_
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзім ішінде жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік мүлікті енгізе отырып, осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, заңдардың талаптарын ескере отырып, жарғыларын бекітсін және оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Қаржы-қаражат" республикалық баспасын мүліктік кешен ретінде заңдарда белгіленген тәртіппен жекешелендіруді жүзеге асырсын.
6. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-2, 25-3, 25-4, 25-5, 25-6-
жолдармен толықтырылсын:
"25-2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы
25-3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Шаруашылық басқармасы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана
қаласы
25-4. "Мемлекеттік қаржы институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Семей қаласы
25-5. "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
25-6. "Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-
экономикалық колледжі" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Семей қаласы".
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.