Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрменділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығын іске асыру, статистика, еңбек және халықты жұмыспен қамту, бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980281_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесі "Алматы экономика және статистика институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Институт" ЖАҚ) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бір айлық мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттің жарнасы ретінде қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің балансындағы мүлікті "Институт" ЖАҚ-ның жарғылық капиталына берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігіне "Институт" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету, пайдалану жөнінде өкілеттік берілсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп:
1) оның негізгі міндеттері ретінде:
меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар үшін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес статистика, еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі кадрларды, кәсіпкер бухгалтерлер мен аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;
республикалық және халықаралық семинарлар мен конференцияларды, басқа да ғылыми-практикалық форумдарды ұйымдастыруды және өткізуді;
республикада жұмыс істеп тұрған аймақтық оқу орталықтарын үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыруды;
республикадағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға статистикалық зерттеулер жүргізуді;
статистиканың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік басылымдарды,
оқулықтарды, оқу құралдарын дайындауды және шығаруды көздей отырып,
заңдарда белгіленген тәртіппен "Институт" ЖАҚ-ның жарғысын бекітсін және
тіркесін;
2) қажетті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізсін және мемлекеттік
мекемені "Институт" ЖАҚ етіп қайта құруға байланысты осы қаулыдан
туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.