Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 қаңтар N 8. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулыға 1-қосымшада:
      шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық

 

комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына:

     сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық

жөніндегі қазақстан-иран комиссиясына, сондай-ақ сауда-экономикалық және

ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай коммуникациялар

министрі Серік Мінуәрұлы Бүркітбаев енгізілсін;

     Еркін Жәкенұлы Қалиев аталған құрамнан шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі