Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Міндетті медициналық сақтандыру қоры "Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталық" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Орталық мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
2. Орталықтың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
емдеу-профилактикалық ұйымдардың ақысыз медициналық жәрдемнің кепілді көлемін көрсетуі жөніндегі қызмет көрсетулерге шыққан шығындарын бюджеттік қаражаттың шегінде өтеу;
азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын талдау мен бағалауды жүзеге асыру;
медициналық қызмет көрсетулер рыногын дамыту;
Орталықтың Жарғысына сәйкес өзге де міндеттер.
3. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі:
Орталықтың жарғысын бекітсін, оны тіркеуден өткізсін, оның басшысын тағайындасын және басқа да қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізсін;
қайта ұйымдастырылған Міндетті медициналық сақтандыру қорының құқықтары мен міндеттерін өткізу актісі бойынша Орталыққа өткізсін;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаментімен бірлесе отырып қайта ұйымдастырылған
Міндетті медициналық сақтандыру қорының мүлкін Орталыққа жедел басқару
құқығымен берсін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып бір ай
мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық
актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.