Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1376

Қолданыстағы
       Отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстанмен шекаралас Ресей облыстары губернаторларының бастамашылығы бойынша уақытша шектеулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің өзара уағдаластығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 20 және 21-тармақтарына сәйкес мынадай уақытша шектеулер енгізілсін:
      1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ:
      Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын;
      Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын; <*>
      1999 жылдың 1 ақпанынан бастап ТМД СЭҚ ТН 24-тобы бойынша темекі мен өнеркәсіптік алмастырғыштардың импортын, оның ішінде олар Кеден одағының мемлекеттері Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген жағдайда лицензиялау енгізілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83 қаулысымен.
               P990083_
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштері негізінде темекі мен өнеркәсіптік алмастырғыштардың импортына лицензия беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетін, осы қаулының 1-тармағына сәйкес уақытша шектеулер енгізілгені туралы хабардар етсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83 қаулысымен.
               P990083_
      4. Транзитті кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін шектеу және алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) тек темір жол көлігімен, оның ішінде құрамында спирттің концентрациясы кемінде 80 көлемдік % толық айырылмаған этил спиртін (ТМД СЭҚ ТН коды 2207) және спирттің концентрациясы 80 көлемдік %-тен кем толық айырылмаған этил спиртін (ТМД СЭҚ ТН коды 2208) тек темір жол көлігімен, цистерналарда және тағайындалған пунктіне дейін тиісті кедендік қосақпен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеудің ерекше режимі енгізілсін.
     5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті:
     10 күннің ішінде алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін айқындасын;
     10 күннің ішінде Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетімен алкогольді сусындарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2204-2208) кедендік ресімдеудің өткізу пункттерін келіссін;
      темекі бұйымдарына акциз маркаларына өтініштер қабылдау мен оларды

беруді осы бұйымдардың импортына лицензия болған кезде жүзеге асырсын.
     6. Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1999 жылдың мамырында 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауарларды әкелуге уақытша 
шектеулердің нәтижелері және оларды сақтаудың орындылығы туралы хабарласын.
     7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                             1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                                   N 1376 қаулысына
                                                       қосымша
      
       Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде       
          оларға қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын 
                      тауарлардың тізбесі 
<*>

      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚРҮ-нің 1999.02.04. N 83 қаулысымен.
                

P990083_

     
 __________________________________________________________________________
|СЭҚ ТН коды     |Тауарлардың қысқаша атауы                                
|________________|_________________________________________________________
|0201-0202       |Мүйізді ірі қара малдың еті, жас немесе салқындатылған,  
|                |тоңазытылған                                             
|________________|_________________________________________________________
|0203            |Жас шошқа еті, салқындатылған, тоңазытылған              
|________________|_________________________________________________________
|0207            |Үй құсының еті және тамақтық қосымша өнімдері            
|________________|_________________________________________________________
|0402            |Құрамына қант немесе басқа да тәттілендірілген заттар    
|                |қосылған сүт пен кілегей, қойытылған сүт                 
|________________|_________________________________________________________
|0405            |Сары май                                                 
|________________|_________________________________________________________
|040700          |Құстың жұмыртқасы, қабығындағы, жас, консервіленген      
|                |(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы              
|                |министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіруді         
|                |қадағалауының рұқсаты болған кезде инкубаторға       
|                |арналған құстардың жұмыртқаларын қоспағанда) 
<*>
         
|                |                                                         
|                |                                                     
|________________|_____________________________________________________
|1001            |Бидай және меслин (өндіру немесе селекциялық         
|                |жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының бидайы  
|                |сорттарын қоспағанда)                                    
|________________|_________________________________________________________
|1002 00 000     |Қара бидай                                               
|________________|_________________________________________________________
|1005            |Жүгері                                                   
|________________|_________________________________________________________
|1006            |Күріш                                                    
|________________|_________________________________________________________
|1101            |Бидай немесе бидай-қара бидай ұны                        
|________________|_________________________________________________________
|1107            |Солод, қуырылған немесе қуырылмаған                      
|________________|_________________________________________________________
|1201 00         |Сояның уатылған немесе уатылмаған бұршағы                
|________________|_________________________________________________________
|1205 00         |Рапстың уатылған немесе уатылмаған тұқымы                
|________________|_________________________________________________________
|1206 00         |Күнбағыстың уатылған немесе уатылмаған тұқымы            
|________________|_________________________________________________________
|1517            |Маргарин; тамаққа пайдалануға жарамды қоспалар немесе    
|                |жануарлар немесе өсімдік майларынан жасалған дайын 
|                |өнімдер немесе әртүрлі майлардың қоспасынан бөлінетін   
|                |немесе осы топтағы майлар                                
|________________|_________________________________________________________
|1601 00         |Шұжықтар мен еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе қаннан 
|                |жасалатын осындай өнімдер; олардың негізінде дайындалған 
|                |дайын тамақ өнімдері                                     
|________________|_________________________________________________________
|1704            |Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлік         
|                |бұйымдар 
|________________|_________________________________________________________
|1806            |Какао қосылған шоколад және басқа дайын тамақ өнімдері   
|________________|_________________________________________________________
|1902            |Спагетти, макарондар, кеспе сияқты жылумен өңдеуге       
|                |жатқызылған немесе жатқызылмаған ашымаған қамырдан       
|                |жасалған бұйымдар                                        
|________________|_________________________________________________________
|210210          |Жылдам ашытқылар 
<*>
                                     
|                |                                                         
|________________|_________________________________________________________
|2207            |Құрамында кемінде 80 көлемдік % спирт концентрациясы бар 
|                |толық айырылмаған этил спирті                            
|________________|_________________________________________________________
|2208            |Спирт концентрациясы 80 көлемдік %-тен кем толық         
|                |айырылмаған этил спирті                                  
|________________|_________________________________________________________
|2304 00 00      |Соя майын айырған кезде алынатын күнжаралар және басқада 
|                |қатты қалдықтар                                          
|________________|_________________________________________________________