1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы" 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 P930186_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібінде:
1) 3 және 16-тармақтардағы "шетел азаматтары" деген сөздерден кейін "оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің азаматтары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке шаруалары бойынша келген, сондай-ақ қызметтік іс бойынша, оқуға және турист ретінде келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдарға еңбекке орналаса, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда келу мақсатына байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды.
Шетелдік жұмыс күшін лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады";
3) мынадай мазмұндағы жаңа 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Қазақстан Республикасына келуге арналған визаны немесе оған сәйкес басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық немесе жекелеген жағдайларда оған арнайы уәкілеттік алған Қазақстан Республикасының өкілдері береді";
4) 12-тармақтағы "беріледі" деген сөз "берілуі мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-тармақтың үшінші абзацындағы "жеке істері бойынша" деген сөздерден кейін "және турист ретінде" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер бойынша кемінде екі жыл мерзімге Қазақстан Республикасына келуге рұқсат етілмеуі мүмкін";
7) 17-тармақтың бірінші абзацында:
а)-тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
в)-тармақшадағы "жасы 18-ге толмаған" деген сөздер "жасы 16-ға толмаған" деген сөздермен ауыстырылсын; д)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "д) халықаралық раллиге, марафондарға және басқа да осындай іс- шараларға қатысушы шетел азаматтары"; 8) 20-тармақта: "17-тармақтың (г)-тармақшасында" деген сөздер "17-тармақта" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Тіркеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілейді"; 9) 25-тармақта:
бірінші абзацтағы "Мемлекеттік автомобиль инспекцияларының" деген сөздер "жол полицияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "нотариалдық тәртіппен" деген сөздер "заңдарда белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) IV тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар беру";
11) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тұрақты тұру құқығына арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық органдары шешімінің негізінде ішкі істер органдары береді.
Шетелдік азамат үшін - шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруына рұқсат, азаматтығы жоқ адамдар үшін - азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар болып табылады";
12) 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтар тікелей Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі мен келген жері бойынша оның аумақтық органдарына, ал шетелде тұратын адамдар - Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консульдық өкілдіктеріне береді.
Қазақстан Республикасында тұрақтық тұру құқығына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келуге арналған рұқсат Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен алдын ала келісуге жатады.
Шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға және Қазақстан Республикасында тұруға келуге:
1) егер шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болуы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзса;
2) егер барлық жақын туыстары (ата-анасы, зайыбы (жұбайы), кәмелетке толмаған балалары) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын болса;
3) егер оның Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі визада көрсетілген келу мақсатына сәйкес келмесе;
4) егер ол өзі туралы әдейі жалған мәлімет берсе;
5) заңдарда көзделген өзге де негіздер бойынша рұқсат берілуден бас тартылуы мүмкін.
Көшіп келу квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдік азаматтарға тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңында белгіленген тәртіппен беріледі";
13) 30-тармақта:
бірінші абзацтағы "тұру белгілері" деген сөздер "азаматтығы жоқ адамның куәлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "тұру белгілерінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған құжаттың"деген сөздермен ауыстырылсын.
14) 31-тармақтағы "Қазақстан Республикасында тұрудың азаматтығы жоқ адамдарға берілетін белгісін" деген сөздер "азаматтығы жоқ адамдардың куәлігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі, егер оның иесі ішкі істер органдарына қолданылып жүрген шетелдік төлқұжатын көрсететін болса, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұру белгісіне ауыстырылады";
16) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдік азаматтардың болуы үшін ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады";
17) 36-тармақтың екінші абзацындағы "министрлігінің Ақпарат басқармасы" деген сөздер "министрлігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 37-тармақтағы "таңдаған мақсатты бекеттеріне сәйкес" деген сөздер "баратын жерлеріне ең қысқа бағыттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 38-тармақтағы "баратын маршруттарын және оған қажетті уақытты ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
20) 41-тармақтың бірінші абзацындағы "баратын жерлері көрсетілген" деген сөздер алынып тасталсын;
21) 43-тармақ алынып тасталсын;
22) 45-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің азаматтары Қазақстан Республикасында болу тәртібі мен Қазақстан Республикасындағы төлқұжат жүйесі туралы ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жауапқа тартылады";
23) 49-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Аталған қаулыны шетелдік жолаушыларды немесе Қазақстан Республикасы
арқылы транзитпен өтетіндерді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына кіруі үшін негіздеме болмаған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасынан шығару бөлігінде орындау үшін жауаптылық - Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгіленеді"; 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Икебаева А.