Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің қарауындағы су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттер (мемлекеттік мекемелер) қайта құру жолымен қосымшаға сәйкес тиісті облыстар бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік республикалық кәсіпорындар болып (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорындардың қызметінің негізгі нысанасы болып мыналар белгіленсін:
1) гидротехникалық құрылғыларды және кешенді су қоймаларын, сондай-ақ тікелей су көздерінде орналасқан басқа да су шаруашылығы объектілерін пайдалануды жүзге асыру;
2) сумен жабдықтау, суды реттеу, пайдалану мен қорғау саласында ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
3) іргелес мемлекеттермен суды және су шаруашылығы объектілерін бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитеті:
1) Кәсіпорындардың жарғысын бекітсін және олардың заңдарда
белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорындардың басшыларын тағайындасын және олармен
келісім-шарттар жасассын.
5.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.05.06. N 536
қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
30 желтоқсандағы N 1359
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындарының тізбесі
"Астанасу" су шаруашылығы жөніндегі Ақмола республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Астана қаласы
"Ақтөбесушар" су шаруашылығы жөніндегі Ақтөбе республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтөбе қаласы
"Алматысушар" су шаруашылығы жөніндегі Алматы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы
"Атыраусушар" су шаруашылығы жөніндегі Атырау республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Атырау қаласы
"Шығыссушар" су шаруашылығы жөніндегі Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Өскемен қаласы
"Жамбылсушар" су шаруашылығы жөніндегі Жамбыл республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы
"Батыссушар" су шаруашылығы жөніндегі Батыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Орал қаласы
"Қарағандысушар" су шаруашылығы жөніндегі Қарағанды республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қарағанды қаласы
"Қызылордасушар" су шаруашылығы жөніндегі Қызылорда республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда қаласы
"Қостанайсушар" су шаруашылығы жөніндегі Қостанай
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қостанай қаласы
"Маңғыстаусушар" су шаруашылығы жөніндегі Маңғыстау
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы
"Павлодарсушар" су шаруашылығы жөніндегі Павлодар
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Павлодар қаласы
"Солтүстіксушар" су шаруашылығы жөніндегі Солтүстік Қазақстан
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы
"Оңтүстіксушар" су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан
республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.