Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 1322

Жаңартылған

       ЕСКЕРТУ. Қаулының атауындағы және мәтініндегі "Көлік және коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355  қаулысымен .

      Елдің көлік-коммуникация кешені жүйесіндегі бақылау-қадағалау функцияларын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация мен эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиация инспекциясы (Мемавиақадағалау), Кеме қатынасы мен теңізде жүзудің қауіпсіздігі бас инспекциясы Жоғары Ертіс кеме қатынасы қауіпсіздігі бассейндік инспекциясы, Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Теңіз және өзен регистрі, Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы, Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы, "Қазақстан Республикасының радио жиілігі спектрін тарату мен пайдалану жөніндегі бюро" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оларды біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының Көліктік бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2.<*> 
       ЕСКЕРТУ.2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334  қаулысымен .  
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
      4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 
      1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Көлік инспекциясы туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 257  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 125-құжат); 
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 22, 190-құжат); 
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы" 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 31 қаулысының 1-тармағының екінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1,9-құжат).
     5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
1998 жылғы 23 желтоқсандағы      
N 1322 қаулысына           
қосымша                 

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар 

       1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы N 851  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдары және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде: 
      мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланысы инспекциясының", "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің Мемлекеттік электр байланыс инспекциясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің", "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын. 
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N  646 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 5-тармағының күші жойылды - Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543   қаулысымен
     6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармағының күші жойылды - Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2004.09.29. N 998   қаулысымен .  
     7. <*>
      ЕСКЕРТУ.7-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1387   қаулысымен
     8.<*> 
     9.<*>
      ЕСКЕРТУ. 8-9-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433    қаулысымен
     10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін радиожиілік спектрін пайдаланудың тәртібі туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі N 652  қаулысына :
     8-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясын" деген сөздер "Көліктік бақылау комитетін" деген сөздермен ауыстырылсын.