"Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1311

Қолданыстағы

     Ақмола облысындағы N 3 (Заозерный поселкесi) және N 4 (Красногорский поселкесi) және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5 (Саумалкөл поселкесi) Солтүстік Қазақстан облысындағы N 3 (Заозерный поселкесі) және 5 (Саумалкөл поселкесі) уран өндіру кеніштері басқармаларында шығынды уран кеніштерін консервациялау мен тарату және уранның техногенді қалдықтарын көму жөнінде іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ олардың мақсатты қаржыландырылуын және бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.06. N 1349 қаулысымен .

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      Кәсіпорынның негізгі мақсаты шығынды уран кеніштерін консервациялау мен таратуды, техногенді уран қалдықтарын көму және аймақта қоршаған табиғи ортаның экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру мақсатында бүлінген жерлерді қайта культивациялау болып белгіленсін.
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын, Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы (уәкілетті орган) болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жарғылық қорды қалыптастырсын;
      Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен тіркесін;
      Кәсіпорынның басшысын тағайындасын;
      Кәсіпорынның жарғысын тіркегеннен кейін оны Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне кіргізу туралы ұсыныс енгізсін;
      Кәсіпорынның, оны белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісіп, Ақмола облысындағы N 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5 өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуін және бекітуін қамтамасыз етсін; <*>
      осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.06. N 1349 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңында несиелендіруге көзделген қаражаттың есебінен, Солтүстік Қазақстан облысындағы N 3 және 5 уран өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша Кәсіпорынға несие беру үшін, "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына 74200,0 (жетпіс төрт млн. екі жүз) мың теңге, оның ішінде:
      1) N 3 кеніш басқармасы үшін - 27700 мың теңге;
      2) N 5 кеніш басқармасы үшін - 46500 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі