Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 5 желтоқсан N 1244

Қолданыстағы
       Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 P980759_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде:
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі.
      Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар,

стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де 
өткізілген болып есептеледі".
     2. Таратылатын "Павлодартрактор" ААҚ-ның конкурстық басқарушысына 
зауыттың мүлкін бір қатысушы жағдайында голландтық әдіс бойынша сатуға 
рұқсат берілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі