Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: бөліммен, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" 25-1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Оңалту қоры" (шаруашылық жүргізу құқығында) "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-1-жолмен толықтырылсын: "409-1. "Қазбаспасөз" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі