"Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 желтоқсан N 1239

Қолданыстағы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 процент қатысатын "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақтеңізфлоты" ҰТКК" ЖАҚ) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-ның жарғылық капиталын 4(төрт) млн. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы резервінен қалыптастырсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15. N 753 қаулысымен. P990753_
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-ның жарғысын бекітсін, органдарын құрсын және басқа да қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізсін.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бір ай мерзім ішінде ұлттық сауда флотын құру бағдарламасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі