1. Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу, акциздік алым маркілерін сатып алу сәтінде, импортталатын таңбаланған акцизделетін тауарларды кедендік ресімдейтін кеден органына жүргізіледі деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 P961749_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі