Кедендік бақылауды күшейту және тауарлардың жекелеген түрлерін республиканың аумағына заңсыз әкелудің жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің спирт Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тек теміржол көлігімен ғана тасымалдауды жүзеге асыру туралы ұсынысы қабылдансын. Көрсетілген министрліктер заңдарда белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1263
қаулысымен
.
2. Осы қаулы 1998 жылдың 15 желтоқсанынан бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі