1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау
жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Екінші деңгейдегі банктер берілген несиелерді өтеу үшін түпкілікті заемшылардан түсетін қаражаттың бір апта мерзім ішінде "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына аударылуын қамтамасыз етеді деп белгіленсін"; 7 және 8-тармақтар тиісінше 8 және 9-тармақтар болып есептелсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі