Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1150 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 18 қараша N 1175. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.08. N 537 қаулысымен. ~P000537

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштерін айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы" 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1150 P961150_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      бірінші абзац "еңбек" деген сөзден кейін "және халықты әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші, үшінші абзацтарда "1997 жылдың" деген сөздер "1999 жылдың" деген сөздермен ауыстырылсын, "әлеуметтік-демографиялық" деген сөздер "жынысы мен жасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "он күн сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "есептеу жүргізу және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 2-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейін тұтастай республика бойынша адамдардың түрлі жыныстағы және жастағы топтары үшін негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын ұсынсын";
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      3) 3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер " Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "әлеуметтік-демографиялық" деген сөздер жынысы мен

 

жасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері әлеуметтік

саясат бағытын айқындау үшін кедейлік шегі деңгейі мен ең төменгі күнкөріс

деңгейін пайдалансын".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


       Қазақстан Республикасының

            Премьер-Министрі