Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 17 қараша N 1163
Қолданыстағы1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар қазақстандық бөлігінің тең төрағалары құрамына:
қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда бірінші вице-министрі Есберген Әбітайұлы Әбітаев енгізілсін;
Сергей Витальевич Кулагин көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі