Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 13 қараша N 1162
Қолданыстағы1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қаржыландырылуына ұсынылатын жобалардың тізімі жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
олардың өз инвестициялық жобалары бойынша ұсыныстарын қоса алғанда, бұл жобаларды екінші деңгейдегі банктер қарағаннан кейін отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралардың шеңберінде қаржыландырылуға ұсынылатын жобалардың түпкілікті тізбесін;
ерекше жағдайларда жобаны осы қаулының 5-тармағында белгіленген шектерден тыс қаржыландырудың ең жоғарғы сомасы мен осы жобалар бойынша несиені қайтарудың мерзімін;
заемшылар осы қаулының 3-тармағында белгіленген мерзімдерден бұрын өтеген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды деп белгіленсін.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.02. N 693
қаулысымен. P990693_
4. Қор уәкілетті банктермен 22 716 100 (жиырма екі миллион жеті жүз он алты мың бір жүз) АҚШ долларына бара-бар жалпы сомаға несиелік келісімдер жасассын. Қордың несиелерін банк жылдық 5 (бес) процент мүдде (сыйақы) ставкасы бойынша 5 жыл мерзімге бөледі. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындарға несиелер бергенге дейін қордың несиелер бойынша мүддесінің (сыйақысының) ставкасы жылдық 10 (он) процентті құрайды. Кәсіпорынға үш айдың ішінде берілмеген несиелер Қорға қайтарылуға жатады. <*>
27 283 900 (жиырма жеті миллион екі жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларына№баламды сома отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасының шеңберінде жобаларды одан әрі несиелендіру үшін "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын арттыруға пайдаланылсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.02. N 693
қаулысымен. P990693_
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.11.25. N 1789 қаулысымен. P991789_
5. Уәкілетті банктер мен Эксимбанк үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін:
уәкілетті банктер үшін негізгі капиталға инвестицияларға арналған несиелер бойынша маржа жылдық 3 (үш) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 8 (сегіз) проценттен, айналымдық капиталға уәкілетті банктер үшін - жылдық 5 (бес) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 10 (он) проценттен аспауы тиіс;
уәкілетті банктердің бір жобаны қаржыландыруының ең жоғары көлемі 6 (алты) миллион АҚШ долларына баламды сомадан аспауы тиіс. <*>
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі