1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының құқықтары мен міндеттерінің құқылық иегері болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен Академияға, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қайта ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкін беретін болсын.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оқуға жіберілген Академия тыңдаушыларының айлық стипендиясының мөлшері соңғы жұмыс орнындағы қызметтік жалақысының деңгейінде, алайда мемлекеттік жоғары оқу орындарының өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттары үшін белгіленген стипендияның мөлшерінен кем болмайтын етіп белгіленсін.
4. Академия басшысының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсету шарттары бойынша орталық атқарушы орган басшысының лауазымына, ал Академия басшысы орынбасарларының лауазымы - орталық атқарушы органдар басшылары орынбасарларының лауазымына теңестірілсін.
5. Академияға 6 қызметтік автомобиль лимиті, оның ішінде 4-і жеңіл автомобиль және 2-і шағын автобус болып белгіленсін.
6. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін көтеру салааралық институтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтына айналдыру туралы" 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 49 P960049_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, N 2, 14-құжат);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтының мәселелері" туралы 1996 жылғы 8 сәуірдегі N 393 P960393_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, N 14, 114-құжат); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі туралы" 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 35 P950035_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, N 2, 19-құжат). 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі