Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тең төрағалары құрамына:
сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех комиссиясына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі