Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 6 қараша N 1137

Қолданыстағы
      Акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатуды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысымен бекітілген


      ЕСКЕРТУ. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.05.
               N 508 қаулысымен. P000508_

           Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың
                ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың
                            ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуды жандандыру мақсатында әзірленді және мемлекетке тиесілі акцияларды (бұдан әрі - акциялар) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың тәртібін реттейді.

      1. Акцияларды Қазақстан қор биржасы арқылы сатудың тәртібі

      1. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногында сатылуға тиісті акцияларды биржалық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі- Комитет) делдал компаниялар арқылы шығарады.
      2. Акцияларды сату Қазақстан қор биржасының сауда алаңдарында бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргізіледі.
      3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы акцияларды сату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін Комитет, қызмет тәртібі осы Ережемен реттелетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы акцияларды сату жөніндегі комиссияны (бұдан әрі- Комиссия) құрады.
      4. Акцияларды қор биржасы арқылы сату туралы шешім, сатудың неғұрлым

қолайлы кезеңін белгілеу мақсатында, мемлекет қатысатын акционерлік 
қоғамдарына жүргізілген мониторингті ескере отырып қабылданады.
     5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен 
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 508   
              қаулысымен.  

P000508_

 
     
             2. Комитеттің делдал компанияларымен
                      өзара қарым-қатынасы
     
     6. Комитет пен делдал компаниялар арасындағы акцияларды сатуға 
байланысты туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.
     7. Делдал компаниялар ішінде Қазақстан қор биржасы арқылы акцияларды 
сату құқығына тендерді Комиссия өткізеді.
     8. Комиссия:
     1) тендер өткізу туралы шешім қабылдайды;
     2) тендердің шарттарын белгілейді;
     3) басылымдарда тендер туралы хабарландыру жариялайды;
     4) келіп түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды;
     5) тендердің қорытындысын шығарады және жеңімпазды анықтайды;
     6) Комитетке тендер жеңімпазымен шарт жасасуды ұсынады.
     9. Қазақстан қор биржасы арқылы акцияларды сату үшін, Комитет 
қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі 
ұлттық комиссиясы берген 1-санаттағы лицензиясы бар, Қазақстан қор 
биржасына мүше делдалдардың арасынан делдал компанияны таңдап алады.
     10. Делдал компанияны таңдап алу мынадай өлшемдерге сәйкес 
белгіленеді:
     1) комиссиялық сыйақының және акцияларды сатуға байланысты өзге де 
шығыстардың мөлшері;
     2) бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс тәжірибесі;
     3) делдал компанияның капиталдану деңгейі;
     4) мемлекеттің акцияларды сатудан түсетін болжамды кірісінің мөлшері;
     5) ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемі.

          3. Акцияларды сатудың бағасын белгілеудің тәртібі
     


      11. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногына шығарылған акциялардың сату бағасын Комиссияның ұсынымы бойынша Комитет белгілейді.
      12. Алғашқы ұсыныс жасалған кезде қор биржасында белгіленген баға болмаған жағдайда, акцияларды сатудың ең төмен бағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 P960562_ қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау жөніндегі ережеге сәйкес белгіленеді.
      13. Егер акциялар биржада 5 сауда сессиясының ішінде сатылмаса, Комитет Комиссия ұсынымының негізінде ең төмен бағаны өзгерте алады. Түзетілген жаңа бағаның мөлшері акцияларды бастапқы ұсыну кезіндегі ең төмен бағаның 10 процентінен кем болмауы керек.
      14. Егер акциялар биржада 15 сауда сессиясының ішінде сатылмаса, Комитет Комиссияның ұсынысының негізінде ең төмен баға жөніндегі шектеуді алып тастауға не талап етілмеген акцияларды сауда алаңынан алуға құқылы.

           4. Акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы
                 арқылы сату жөніндегі комиссияның құқықтары

      15. Комитет Комиссияны: Комитеттің, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және өзге де мүдделі ведомстволардың уәкілдік берілген өкілдерінен құрады. Комиссияның төрағасын Департамент тағайындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 508
                қаулысымен. P000508_

      16. Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
      17. Комиссияның мәжілісі мәжіліс хаттамасына комиссия мүшелерінің

кемінде 2/3-і қол қойған жағдайда өткізіледі деп есептеледі.
     18. Комиссияның:
     1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұрауға 
және алуға;
     2) Комитетке акцияларды сатуға шығару және оларды саудаластықтан 
алу туралы ұсыныс жасауға құқығы бар.
     19. Комиссия мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлейді:
     1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы акцияларды 
сатудың ең төмен бағасын анықтау;
     2) сатудың ең төмен бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төмен баға 
жөніндегі шектеулерді жою;
     3) акцияларды биржалық саудаластыққа шығарудың мерзімдері мен 
ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдерін және биржалық саудаластықтан алу күнін
белгілеу.
     20. Комитет акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық 
рыногы арқылы сату мәселелері жөніндегі шешімдерді Комиссия ұсынымының 
негізінде қабылдайды.
     
          5. Акцияларды бағалы қағаздардың халықаралық
                 рыногы арқылы сатудың тәртібі
     


      21. Акцияларының мемлекеттік пакеті бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылуға тиісті акционерлік қоғамдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      22. Делдал компаниялардың, шетелдік инвестициялық банктер мен компаниялардың арасында акциялардың мемлекеттік пакетін сату құқығын беретін келіссөздер жүргізу және тендердің қорытындыларын шығару үшін тендер комиссиясын құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      23. Тендерлік комиссияның құрамына: Комитеттің, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және өзге де мүдделі ведомстволардың өкілдері кіреді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 508
                қаулысымен. P000508_

      24. Тендерлік комиссия:
      1) келіп түскен өтінімдерді қарайды;
      2) тендердің жеңімпаздарын анықтайды;
      3) акцияларды сату жөніндегі менеджерлердің ұсынымы бойынша акцияларды сатудың тәсілі (ашық немесе жеке) туралы шешім қабылдайды.
      25. Тендердің жеңімпазы деп комиссиялық сыйақыларды және акцияларды сатуға байланысты дайындық рәсімдерін жүргізуге арналған шығыстар шегеріліп тасталған, акцияларды жинақтаудың деңгейі ескерілген, ең көп кіріс алу жөнінде мемлекетке кепілдік беретін қатысушы танылады.
      26. Акцияларды сатуға байланысты шараларды жүзеге асыру үшін менеджерлер екінші деңгейдегі банктерді қаржылық консультанттар ретінде тартуға құқылы.
      27. Тендердің нәтижесі бойынша Комитет арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен менеджерлер арасында келісімге қол қойылады. Келісімнің шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      28. Менеджерлер мен қосымша тартылған компаниялардың қызметіне ақы төлеу шарттары тиісті келісімдермен белгіленеді.
      29. Акциялары бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылатын, мемлекет қатысатын Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына қаржылық есептілігіне және шаруашылық әрекетіне алдын ала талдау жүргізгеннен кейін, менеджерлер акцияларды сатуға қажетті шаралардың тізбесін және көрсетілген шараларды өткізуге байланысты шығындардың есебін Комитетке ұсынады. Мемлекет тарапынан шығындарды барынша азайту мақсатында Департамент шығыстар сметасын түзету жұмыстарын жүргізеді және шығындардың құрылымы мен ең жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 508
                қаулысымен. P000508_

      30. Менеджерлер келісімде белгіленген тұрақты негізде жүргізіліп отырған шаралар туралы Комитетке есеп беріп отырады.
      31. Комитет менеджерлермен және акционерлік қоғамдардың өкілдерімен бірлесе отырып акциялардың мемлекеттік пакетін сату жөніндегі қажетті шараларды өткізуді ұйымдастырады.
      32. Менеджерлер мен Комитет бір-біріне тәуелсіз бағалы қағаздар рыногына мониторинг және ондағы ахуалға және оның даму тенденциясына талдау жүргізеді.
      33. Менеджерлер жағдайды талдауын және менеджерлердің ұсынымдарын ескере отырып, негізінде акцияларға жазылушылардың тізімін сатудың ұсынылып отырған бағасын көрсете отырып бергеннен кейін Департамент акцияларды сатудың басталғаны туралы шешім қабылдайды, менеджерлерге тиісті нұсқаулар береді және акцияларды сатып алу-сату келісімін жасасады.
      34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 508
                 қаулысымен. P000508_