Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 қараша N 1127. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 297 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы  N 998  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 
      аталған қаулыға "1997/1998 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібі" деген 1-қосымшада: 
      2-тармақтың екінші абзацы "және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің астығы" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі