"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 қараша N 1126

Қолданыстағы
     Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 15 сәуірдегі N 342 P980342_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібінде:
     3-тараудың 2-тармақшасының үшінші абзацы "жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде өсімдіктерді қорғау құралдарын арзандату 100 процентке дейін жүргізілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына "Рон-Пуленк Агро Қазақстан" фирмасы 1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берген гербицидтердің нақты құны бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын 100 процентке дейін арзандатуды жүргізуге рұқсат етілсін.
     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1997 жылы Ақмола және Қостанай

облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берілген гербицидтер үшін 
берешектерді өтеу туралы" 1998 жылғы 22 шілдедегі N 679  

P980679_

  
қаулысының күші жойылған деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі