"Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік компания" мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 30 қазан N 1109

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік компания" мемлекеттік кәсіпорнының атауы "Мембағалау" жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - Кәсіпорын) өзгертілсін. 

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті уәкілетті орган, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 50-1 жолмен толықтырылсын:     

      "50-1 Мембағалау" жылжымайтын
      мүлікті бағалау жөніндегі республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
      жүргізу құқығында)                          Павлодар қаласы".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі