"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында: шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстан бөлігіндегі тең төрағалары құрамына: қазақстан-британ сауда өнеркәсіптік кеңесіне қазақстан-швейцар бірлескен комитетіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов енгізілсін; Виктор Васильевич Соболев аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі