Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі N 665
қаулысында
(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, N 17, 152-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу".
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04.
N 297
қаулысымен.
3. Аталған қаулының 2-қосымшасында:
атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамының несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын;
1) 1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Төлеухан Мұратқанұлы Нұрқиянов - комиссия төрағасының орынбасары болып;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Иван Иванович Отто - комиссия мүшесі болып;
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының президенті Алтынбек Смағұлұлы Үмбетов - комиссия мүшесі болып енгізілсін;
"Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, комиссия мүшесі";
"Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің міндетін атқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы";
2) Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы аталған құрамнан шығарылсын;