Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 15 қазан N 1048

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

     аталған қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың 
тізбесі:
     мынадай мазмұндағы тараумен және реттік нөмірі 472-жолмен 
толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті
     472. "Резерв" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)            Астана қаласы.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі