Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары назарға алынсын және онда қамтылған, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының, ведомстволарының, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерiнiң қатысуымен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) әзiрлеген 1999 жылға арналған негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, ведомстволары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 1998 жылдың 15 қарашасына дейiн Комитетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылға арналған iс-қимыл жоспарына енгiзу үшiн iс-шаралар бойынша ұсыныстар берсiн.
Аталған ұсыныстарды әзiрлеу кезiнде "Қазақстан-2030" Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары, салалық және функционалдық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 1999 жылға арналған индикативтiк жоспары басшылыққа алынсын.
3. Комитет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылға арналған iс-қимыл жоспары бойынша ұсыныстарды қорытсын және оны белгiленген тәртiппен 1998 жылдың 25 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi 1998 жылдың 20 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылға арналған индикативтiк жоспарының мемлекеттiк инвестициялар
бағдарламасы, кеден тарифтерiн өзгерту, табиғи монополияшы
ұйымдардың өнiмi мен көрсететiн қызметтерiне тарифтердi өсiрудiң
шегi бойынша жоспарлау-реттеу бөлiгi жөнiндегi қаулыларының
жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 15 қазандағы
N 1044 қаулысына
қосымша
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.31.
N 666a қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштері
_______________________________________________________________________
| | 1997 ж. | 1998 ж. | 1999 ж. |
| | есеп | есеп | бағалау |
|_____________________________________|_________|_________|_____________|
ЖІӨ, млрд.теңге 1672,1 1747,7 1824,1
ЖІӨ нақты түрінде, % 101,7 97,5 98,5
ЖІӨ дефляторы 16,1 7,2 6,0
ЖІӨ жан басына шаққанда,
мың теңге 105,4 111,7 122
Тұтыну бағасының индексі, %:
кезеңнің аяғында 11,2 1,9 16,8
жыл бойынша орташа 17,4 7,1 7,1
Теңгенің АҚШ долларына
бағамы
жыл бойынша орташа 75,4 78,3 119,1
Бюджет тапшылығы, млрд.
теңге 62,2 70,1 67
ЖІӨ-ге % 3,7 4,0 3,7
Өнеркәсіп, млрд. теңге 809,7 801,5 815
Нақты өзгеруі, % 104,0 97,9 98,3
Ауыл шаруашылығы,
млрд.теңге 297 246,6 259,3
Нақты өзгеруі, % 98,1 81,1 98,9
Экспорт, млн. АҚШ долл. 6899 5773,8 5185
Импорт, млн. АҚШ долл. 7176 6574,7 5250
Негізгі капиталға инвестиция,
млрд. теңге 140 189,3 196