Мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа қызметкерлерi санының нормативтерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 6 қазандағы N 1010

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқару құрылымын одан әрi ұтымды ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа қызметкерлерi санының нормативтерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа орталық атқарушы органдардың басшылары:
      бiр ай мерзiмде қосымшада көзделген басшы және басқа

қызметкерлер санының нормативтерiн сақтай отырып, белгiленген сан
шегiнде аппараттың штаттық кестесiн бекiтсiн.
     3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10
қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551  

P971551_

 
қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         1998 жылғы 6 қазандағы
                                            N 1010 қаулысына
                                                қосымша

       Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
       комитеттерi және орталық мемлекеттiк органдары орталық
         аппаратының басшы және басқа қызметкерлерi санының
                         НОРМАТИВТЕРI
___________________________________________________________________
                                |  Қызметкерлердiң жекелеген
                                |  санаттарының арақатынасы
___________________________________________________________________
          1. Құрылымдық бөлiмшелер мынадай сандық құрамда
         құрылады (бөлiмшелердiң басшыларын қоса алғанда):

     Сектор                       саны кем дегенде 3 адам болғанда
     Бөлiм                        саны кем дегенде 4 адам болғанда
     Басқарма                     саны кем дегенде 10 адам болғанда

     Департамент                  саны кем дегенде 20 адам болғанда
                                  (бас мамандардың саны
                                  мамандардың санының 80%-нен
                                  артық емес)

                 2. Құрылымдық бөлiмшелер басшылары
                орынбасарларының қызметi енгiзiледi:

     Бөлiм бастығының             бөлiмде (бөлiм бастығын қоса
     орынбасары                   алғанда) кем дегенде 7 адам
                                  болғанда

     Басқарма бастығының          басқармада (басқарма бастығын қоса
     орынбасары                   алғанда) кем дегенде 10 адам
                                  болғанда
                                  Басқарма бастығы орынбасарының
                                  қосымша лауазымы - әрбiр келесi
                                  10 адамға

     Департамент директорының     департаментте ( бастықты қоса
     орынбасары                   алғанда) кем дегенде 20 адам
                                  болғанда
                                  Департамент директоры орынбасарының
                                  қосымша лауазымы - әрбiр келесi
                                  20 адамға