"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 P980119_ қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған
мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру
бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi стандарттау
(ISО), заңдық метрология (IOML) жөнiндегi халықаралық ұйымдарға және
Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi кеңеске (МСК) ағымдағы 1998 жыл
үшiн мүшелiк жарна мен өткен жылдар үшiн берешектердi төлеу
мәселесiн шешсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 2 қазандағы
N 991 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған
мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн
жетiлдiру
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Кiрiспе
Мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл жоспарын iске асыру жөнiндегi шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулысына (1.1.2-тармақ) сәйкес әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда қазақстандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рыноктың талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ететiн стандарттар жүйесiн құруға және сертификатталған тауарлардың экспортын арттыруға бағытталған.
Қазiргi уақытта республикада стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзi құрылды.
1993 жылы оны дамытуға стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң негiзгi ережелерiн, стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн реттейтiн мемлекеттiк стандарттардың кешенi әзiрленген және енгiзiлген, стандарттау және сертификаттау жөнiндегi органдар белгiленген "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Сонымен қатар бiздiң алдымызда республикада Қазақстанның экономикасын реформаландырудың белсендi процесi жүрiп жатқандықтан мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйесiн дамытуды және жетілдіруді талап ететін жаңа міндеттер тұр. Өндірісті тиімді дамыту және бәсекелестiк қабілеттi өнiмдердi шығаруды арттыру мақсатында шетелдiк инвестициялар тартылуда, Қазақстанның Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСО) кiруi мәселесi шешiлуде, республиканың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде және Қазақстанның құжаттарды әзiрлеу, ақпараттарды алу және тарату мәселелерiнде халықаралық еңбектi бөлуге қатысуының нысандары айқындалуда.
Үкiмет 1998-2000 жылдарға арналған өзiнiң iс-қимыл жоспарының шеңберiнде негiзгi басымдықтар мен қоғамды және экономиканың салаларын дамытудың ұлттық қауiпсiздiк аясын белгiледi және үстiмiздегi жылдан бастап ел Президенттiң "Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы" атты Қазақстан халқына Жолдауын өмiрге енгiзуге кiрiстi.
Қойылған мәселелердi шешу олардың басымдықтарын, нысандарын және әдiстерiн өзгерту жолымен стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң заңдық негiздерiн дамытуға жаңа дәстүрлi емес қадамдарды, сондай-ақ мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау жүйелерiн дамыту мен қолдануды, халықаралық стандарттарды тiкелей
қолдануды талап етедi.
2. Мақсаттар
Бағдарламаның негiзгi мақсаты:
отандық өнiмнiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабілетiн
және танылуын қамтамасыз ету;
өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң адамдардың өмiрi мен
денсаулығы, азаматтардың мүлкi, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету;
басқа елдермен сауда-экономикалық қатынастардың процесiнде
тауарлар (өнiмдер) мен қызмет көрсетулердiң қозғалысындағы
техникалық кедергiлердi жою;
Қазақстан рыногын сапасы нашар және қауiптi тауарлардың
өндiрiлуi және енуiнен қорғау болып табылады.
3. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк стандарттау
және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру
бағытының басымдықтары
Бағдарлама бағыттарының негiзгi басымдықтары:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен мемлекеттiк стандарттау жүйесi стандарттарының кешенiн Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының (ДСО) және халықаралық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес әзiрлеу және жетiлдiру;
халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану;
өнiмдер мен қызмет көрсетулерге арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру;
каталогтау, фирмалық стандарттау және штрихтiк кодтау жүйелерiн құру және енгiзу;
сертификаттау мен аккредиттеудiң ұлттық жүйелерiн халықаралық талаптарға сәйкес жетiлдiру;
техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне көшу;
Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттiк қорын қалыптастыру және дамыту;
Қазақстанда Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң (ГАТТ/ДСҰ) талаптарына жауап беретiн Ақпарат орталығын құру;
стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
1. Стандарттау жүйесiнiң қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк базасын жетiлдiру.
Iстiң жай-күйi. Қазiргi уақытта республикада жүйенiң жалпы ережелерiн, мемлекеттiк стандарттарды, кәсiпорындардың стандарттарын және техникалық шарттарды әзiрлеудiң, келiсудiң, бекiтудiң және тiркеудiң тәртiбiн, сондай-ақ оларды құрудың, мазмұнының және берiлуiнiң тәртiбiн қоса алғанда стандарттаудың мемлекеттiң жүйесiнiң негiздерi; техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды (ТЭӘА) жiктеу мен кодтау және штрихтiк кодтау, өнiмдi өндiрiске қою жүйелерiнiң негiздерi;
халықаралық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын қолданудың негiздерi белгiлендi;
сонымен қатар, қазiргi уақытта бiр мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң заң және нормативтiк негiзi экономика салаларындағы жаңа мiндеттерге, республиканың Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiне және өркениеттi нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оны одан әрi жетiлдiрудi, халықаралық талаптармен үйлестiрудi талап етедi.
Мақсат. Саудадағы техникалық кедергiлердi алу және отандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рынокта танылуы.
Негiзгi шаралар стандарттау саласындағы қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк базаларды одан әрi дамыту мен жетiлдiрудi, сондай-ақ мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң ережелерiн ДСҰ-ның талаптарына, халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында "Техникалық кедергiлер мен сәйкестiктi бағалау туралы" Заңның жобасын әзiрлеудi көздеуi тиiс.
Жұмыстарды жүргiзу кезiнде:
Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiн қамтамасыз ететiн талаптар мен ережелер, мүдделi мемлекеттер үшiн жүйенiң ашықтығы және онда белгiленген талаптардың айқындығы;
"стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар" және "техникалық регламенттер" мәртебесi бар отандық және республикада қолданылатын стандарттар мен құжаттардың санаттары және оларға жатқызудың өлшемдерi;
экономиканың салаларында қолданылатын оларды нормативтiк қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмаларды Мемлекеттiк бағдарламалар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарларына кiргiзу мәселелерi;
өнiмнiң әртүрлi түрлерiне арналған құжаттардағы экологиялық нормалаудың нысандары мен ережелерi;
стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы саласында мемлекеттiк саясатты iске асырудың тәсiлдерi;
Қазақстанның рыногын сапасы нашар және адамдардың өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн әлеуеттi қауiптi өнiмдердiң өндiрiлуi мен енуiнен қорғаудың мүмкiн болатын тетiктерi;
халықаралық, аймақтық және дүниежүзiндегi өнеркәсiптiк дамыған елдердiң ұлттық техникалық регламенттерiн қолданудың және нормативтiк құжаттарды енгiзудiң тәртiбi;
салаларда шешiлетiн мiндеттерге қарай жоспарлаудың өлшемдерiн белгiлей отырып стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауда жаңа (бағдарламалық) қадамдарды пайдалану;
заңды тұлғалардың стандарттау жөнiндегi жұмыстың нысандарын жетiлдiрудегi iс-қимыл еркiндiгi;
республикада әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құжаттарды өнiмдердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi үшiн республикадағы мемлекеттiк қадағалау органдарымен келiсудiң нақты тәртiбi;
нормативтiк құжаттарды беруге және шетелдiк әрiптестермен өнiмдердi беруге арналған шарттарды/келiсiм-шарттарды ресiмдеуге қадамдар;
денсаулық сақтау саласында стандарттар жүйесiн құру мәселесi;
республикада каталогтандыру және фирмалық стандарттау жүйелерiн жүргiзу;
стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң қызметiн жетiлдiру және жұмыс нысандарын өзгерту мәселелерi;
Мемстандарт жүйелерi мамандарының қатысуымен, тәуелсiз халықаралық ұйымдардың сарапшыларын-аудиторларын және Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнен оқытушыларды тарта отырып экономика салаларында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйелерiн жетiлдiрудiң тәртiбi, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан республиканың барлық техникалық оқу орындарында стандарттау мәселелерiн зерделеу белгiленуi, көзделуi және ескерiлуi тиiс. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша оқу бағдарламасы, сабақ беру тақырыптары және практикалық сабақтар өткiзу Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiмен келiсiлдi.
2. Халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану.
Iстiң жай-күйi. Республикада қолданылып жүрген халықаралық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын енгiзу рәсiмiн реттейтiн стандарттау жөнiндегi ереже (ҚР ЕР 50.1.21.96) халықаралық практикада техникалық регламенттерге жатқызылған құжаттардың басқа түрлерi мен санаттарын, сондай-ақ салалық стандарттарды, кәсiпорындардың стандарттарын және техникалық шарттарды қолдануды көздемейтiн болғандықтан аталған проблеманы толық көлемде шешпейдi.
Мақсат. Ұлттық стандарттар мен нормаларды әзiрлеуге арналған ақталмаған шығындарды жою, барлық мүмкiн болатын санаттар мен құжаттар түрлерiнiң мемлекеттiк стандартта қолданылуы рәсiмiн бiрдейлендiру.
Негiзгi шаралар. Мына мәселелердi:
"Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстерде көзделгендердiң қатарынан қолданылуға жататын құжаттардың түрлерi мен санаттарын айқындауды;
үш шарттың: ұлттық стандарттарды әзiрлеудiң, құжаттардың бiрдей мәтiндерiн есептi тiркеудi немесе көрсетiлген рәсiмдердi орындамастан өнiмдер шығарудың бiреуiн орындау талап етiлетiн шарттарды белгiлей отырып нормативтiк құжаттарды қолдануға "тiкелей", "жанама" деген ұғымдарды енгiзудi шешудi реттейтiн мемлекеттiк стандартты дайындау.
Нормативтiк құжаттарды қолдану мәселелерi калько ұстаушының (әзiрлеушiнiң) тапсырысшыға лицензиялау (шарт немесе келiсiм-шарт) жөнiндегi құжаттарды беруiнiң мүмкiн болатын талаптарына байланысты екендiгiне орай стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды берудiң тәртiбi бойынша ұсынымдар әзiрлеу мәселесiн шешу қоса талап етiледi.
3. Өнiмдер мен қызмет көрсетулерге арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру.
Iстiң жай-күйi. Қазақстанның халықаралық деңгейге кiруiне және Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру жөнiндегi дайындық жұмыстарына байланысты отандық стандарттарды халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдердiң, оның iшiнде ТМД елдерiнiң ұлттық стандарттарының талаптарына үйлестiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет.
Бұл жұмыстарды орындау отандық стандарттардың талаптарын халықаралық стандарттармен барынша жақындастыруға; тауарлар мен қызмет көрсетулердiң дүниежүзiлiк рыногындағы стандарттардың техникалық деңгейiн арттыруға, отандық өнiмдi бәсекелестiк қабiлеттi қылуға, тауарлар алмасу кезiндегi техникалық кедергiлердi алуға, шет елде өз өнiмiн өткiзу рыногы үшiн белсендi және ұтымды күресуге мүмкiндiк бередi.
Мақсат. Өнiмдердiң сапасы мен бәсекелестiк қабілетiн арттыру, отандық өнiмдердiң тауарлар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында танылуы.
Негiзгi шаралар. Мемлекеттiк стандарттау жүйесiн нарықтық экономикалы елдер үшiн тән осындай жүйелермен үйлестiру мақсатында:
стандарттаудың басымдықтарын терминдер мен айқындамаларды, дүниежүзiнде сенiм мен өзара түсiнiстіктi қамтамасыз ету үшiн қажет деп танылатын стандарттау және сертификаттау объектiлерiнiң сапасын сынаудың, бағалаудың үлгiлерi мен әдiстерiн таңдаудың тәртiбiн реттейтiн стандарттар әзiрлеуге қарай ауыстыру;
халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң стандарттарды әзiрлеуiн жүзеге асыру, ол үшiн республикада осы бөлiмшелердi қалпына келтiру және құру жөнiнде одан әрi жұмыстар жүргiзiлетiн болады;
республика экономикасының салаларында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға талдау жүргiзу және оларды халықаралық талаптармен, бiрiншi кезекте кейiннен оларды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк стандарттаудың жоспарына кiргiзу арқылы өнiмдердiң негiзгi экспортталатын түрлерiне, үйлестiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
халықаралық, аймақтық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану жоспарланады.
4. Каталогтау және фирмалық стандарттау жүйелерiн құру.
Iстiң жай-күйi. Қазiргi уақытта аталған жүйелердi әзiрлеу жүргiзiлген жоқ.
Мақсат. Республикада және аймақта өндiрiлетiн өнiмдер;
оның тұтынушылық ерекшелiгi мен оны дайындаушылар;
сертификаттау;
нормативтiк құжаттарды қолдану туралы ақпараттарды жинау және мемлекеттiк органдар мен тұтынушыларға жеткiзу.
Шығарылатын өнiмдердiң автоматтандырылған есебiн қамтамасыз ету, тапсырысшылардың өнiмдердi дайындаушылармен өзара байланыстарын қамтамасыз ету.
Өнiмдердiң сапасын арттыру және дизайнын жақсарту.
Негiзгi шаралар. Қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн стандарттар мен жүйенiң негiзгi ережелерiн реттейтiн нормативтiк құжаттардың кешенiн әзiрлеудi жүргiзу, есеп алу мен каталогтау жүйесiн жүргiзудiң және каталогтық парақтарды толтырудың тәртiбiн белгiлеу, каталогтық парақтардың бланкiлерiн әзiрлеу және бекiту, "Қазақстан өнiмдерi" деректерiнiң базасын құру қажет.
Нормативтiк және техникалық құжаттардың, өнiмдердi шығаруға байланысты каталогтау жүйесiне кiруi тиiс ақпараттардың түрлерi мен санаттарын белгiлеу.
Фирмалық стандарттау жүйесiн енгiзу негiзгi ережелердi әзiрлеудi қоспағанда кәсiпорындардың фирмалық стандарттарын құру, олардың мазмұны және берiлуi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеудi көздеуi тиiс.
ТМД елдерiнен Ресей ғана фирмалық стандарттау жүйесiн енгiзгендiгiн ескере отырып, кәсiпорындардың берiлетiн өнiмдерге стандарттарын әзiрлеу және қолдану жолымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңестiң қарауына ТМД елдерiнiң өнiмдердi беру кезiнде басқа құжаттармен (оның iшiнде стандарттармен және техникалық шарттармен) қатар құжаттың осы санаттарын тануы мәселесi енгiзiлдi.
5. Сертификаттау жүйесiн жетiлдiру.
Iстiң жай-күйi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң шеңберiнде аккредиттеу жеке бөлiнiп көрсетiлмеген. Қолданылып жүрген стандарттарда өнiмдер мен қызмет көрсетулердi сертификаттау органдарына, лабораторияларына және орталықтарына талаптар белгiленген. Дүниежүзiлiк практикада тiркеу жүйесi дербес жүйе ретiнде жұмыс iстейтiндiгi ескерiле отырып, республикада сертификаттау жүйесiнiң негiзiн салатын стандарттарда түбiрлi өзгерiстер жүргiзiлуi тиiс.
Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерiн қоспағанда дүниежүзiлiк қоғамдастықта сертификаттау жөнiндегi республикада жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi мойындалмайды. Республиканың экономиканың басымдықты салаларының өнiмдерiн (оның iшiнде мұнайды, астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн, түстi және қымбат металдарды және т.б.) алыс шет елге сату кезiндегi үлкен экономикалық шығындары осындай жағдайдың салдары. Тiркеу жүйесiнiң болмауы себептерiнiң бiрi дүниежүзiлiк қоғамдастық мойындауға тиiс нәтижелер.
Осы процестi бөгейтiн проблемаларды шешу үшiн сертификаттау саласындағы қолданылып жүрген заңдар мен негiзгi стандарттарға түбегейлi өзгерiстер енгiзiлуi тиiс.
Мақсат. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында отандық өнiмдердi тану. Мемлекеттiң экономикалық пайдасы.
Негiзгi шаралар. Аталған мақсатты iске асыру үшiн сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерiн реттейтiн заңдар мен негiзiн салушы мемлекеттiк стандарттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуi тиiс. Бұл үшiн:
басымдықтарды сапа мен өндiрiс жүйесiн сертификаттау және өнiмдер мен қызмет көрсетулердi ерiктi сертификаттау жағына бұру;
мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң iшiнен халықаралық деңгейде өнiмдердiң сәйкестiгiн (сертификаттаудағы) бағалаудың нәтижелерiн тануды қамтамасыз ететiн сертификаттау жөнiндегi шетелдiк тәуелсiз ұйымдардың қатысуы практикасын енгiзе отырып, халықаралық талаптарға сәйкес келетiн аккредиттеу жүйесiн құру;
өнiмдердi сертификаттау рәсiмiн тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногын дамытуға, сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде бағаны төмендетуге, сарапшылардың, аудиторлардың бiлiктiлiгiне талаптарды халықаралық стандарттарға сәйкес жетiлдiруге, тауар өндiрушiлердiң, жеткiзушiлердiң және сатушылардың өнiмнiң сапасы үшiн жауапкершiлiгiн күшейтуге, сондай-ақ үшiншi тарап ретiнде сертификаттау жөнiндегi органдардың қызметiне сенiмдi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн олардың технологиялылығын арттыру мүддесiнде халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру;
дүниежүзiлiк практикада өнiмнiң сапасының кепiлдемесi болып табылатын сәйкестiк белгiсiн қолдану мәселесiн шешу қажет.
6. Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарды (ТЭӘА) жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне көшу.
Iстiң жай-күйi. Қазіргі уақытта экономиканың салаларында негізінен бұрынғы Одақтың техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттарын жiктеушiлер пайдаланылады. Ведомстволық жiктеушiлердiң деңгейiнде статистика жүйесiнде еуропалық жiктеушiлердi:
экономикалық қызметтiң түрлерiн;
өнiмдер мен қызмет көрсетулердi еуропалық жүктеушiлердi тәжiрибелiк енгiзу жүргiзiлуде;
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi, денсаулық сақтау және бiлiм салаларындағы жiктеушiлердi қайта қарау жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
Мақсат. Ведомствоаралық ақпараттар ағынын келiсу және мемлекеттiк басқару органдары мен экономика салалары пайдаланатын номенклатуралар мен жiктеушiлердiң халықаралық практикасының деректерiне сәйкес еместiгiн жеңу проблемаларын шешу. Саудада техникалық кедергiлердi алу.
Негiзгi шаралар. Осы мақсатты iске асыру үшiн:
экономика салалары мен мемлекеттiк басқару органдарында статистика саласына енгiзiлген еуропалық жiктеушiлерге талдау жүргiзу және оларды жетiлдiру және қолдану жөнiнде ұсыныс әзiрлеу;
қабылданған мемлекетаралық жiктеушiлердi: валюталарды, дүниежүзi елдерiн, есептеу бiрлiгiн, стандарттарды, өлшеу құралдарын енгiзу жөнiнде тәртiп әзiрлеу;
республиканың мүдделi бөлiмшелерiмен ТМД елдерiнiң мемлекетаралық ретiнде ұсынылып отырған ұлттық жiктеушiлерiн пысықтау қажет.
7. Қазақстан Республикасы стандарттарының Мемлекеттiк қорын қалыптастыру және дамыту және Қазақстанда Тарифтер және сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң (ГААТ/ДСҰ) талаптарына жауап беретiн Ақпараттық орталық құру.
Iстiң жай-күйi. Қазақстандағы бар Стандарттардың мемлекеттiк қоры қайта қарауға жататын құжаттардың 40 процентке жуығын түбiрiнен реформалауды талап етедi.
Мемлекеттiк қордың халықаралық ұйымдардың:
ISО, IOML және IEC стандарттарымен қамтамасыз етiлуi 50, ТМД елдерiнiң ұлттық стандарттарымен қамтамасыз етілуi 5-тен 80 процентке дейiнгiнi құрайды, қорда алыс шет елдердiң ұлттық стандарттары iс жүзiнде жоқ.
Қазақстанда ГААТ/ДСҰ Бас келiсiмiнiң мiндеттi талаптарының бiрi болып табылатын Ақпарат орталығы құрылған жоқ.
Республикада қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар туралы деректердiң бiрыңғай базасы жоқ. Қазақстан Республикасында қордың жұмыстарына бiрыңғай ұйымдастыру әдiстемелiк басшылық пен үйлестiру жоқ, жұмыс процестерi iс жүзiнде автоматтандырылмаған.
Мақсат. Отандық және шет елдiк әрiптестердi қоса алғанда кез келген деңгейдегi ақпараттық нормативтiк сұраныстарды қанағаттандыруға қабілеттi Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттiк қорын және Ақпараттық орталық құру.
Жалпы ұлттық мүдделердi ескере отырып, өзара тиiмдi негiзде Стандарттардың мемлекеттiк қорын құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Негiзгi шаралар. Көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн:
құжаттарды жинақтауды, олардың есебiн жүргiзудi, орналастыруды және бөлудi, тапсырысшыларға қызмет көрсетудi қоса алғанда стандарттар қоры бойынша жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру мен оның технологиясын реттейтiн мемлекеттiк стандарттар мен нормативтiк құжаттардың кешенiн әзiрлеу;
стандарттау қорының жұмысын автоматтандыру және қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу;
республикада стандарттау жөнiндегi қолданылатын нормативтiк құжаттар жөнiндегi деректердiң бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық базасын құру және ақпараттарды рұқсат етiлмеген кiруден қорғау;
қажеттi көбейткiш, компьютерлiк базасы мен ұйымдастыру техникалары, алаңдары, ДСҰ-ға мүше елдердiң негiздi сұрауларына жауап беретiн, тұтынушылар мен отандық тауар өндiрушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты кемсiтушiлiктi болдырмау мақсатында олардың нормативтiк құжаттарын аударатын және қарайтын бағдарламашылар мен сарапшылардың штаты бар Ақпарат орталығын құру;
аударуды және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi аударылған (оның iшiнде қазақ және ағылшын тiлдерiне) материалдар мен құжаттарды сараптауды жүзеге асыратын, аудармалардың бiрдейлiгiн растау мәселесi жөнiнде төрешi болуға қабілеттi бөлiмше құру;
"Ақпарат күнiн", нұсқауларды, каталогтарды, ақпараттық парақтарды дайындау жүйесiн жетiлдiру;
тапсырысшылармен ИНТЕРНЕТ және WEB байланыс жүйесi арқылы алынатын Мемстандарт парағы ақпаратын пайдаланудың мүмкiндiгiн қамтитын жұмыстың нысандарын өзгерту;
Мемстандарттың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мерзiмдi газет басылымдары мен журналдарды, бюллетендердi дайындау көзделуi тиiс.
8. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық.
Iстiң жай-күйi. 1993 жылдан бергi кезең iшiнде Мемстандарт ТМД мен дүниежүзiнiң әртүрлi елдерiмен мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған белгiлi бiр жұмыстар жүргiздi.
Қазiргi уақытта Ресеймен, Украинамен, Грузиямен, Қырғызстанмен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келiсiлген саясат туралы құжаттарға (келiсiмдерге) Үкiмет деңгейiнде қол қойылды және бекiтiлдi.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдардың деңгейiнде Иран стандарттар мен өнеркәсiптiк зерттеулер институтымен (ISIRI) Түрiк стандарттар институтымен (TSE) Америка стандарттар институтымен (NISЕТ), DIN немiс институтымен, Германияның Материалдарды зерттеу және бақылау жөнiндегi Федеративтiк ведомствосымен (ВАМ) және Германияның Физика және метрология федеративтiк институтымен (РТВ) осындай құжаттарға қол қойылды.
Болгария Республикасымен, Корея Республикасымен, Польша Республикасымен, Израиль мемлекетiмен үкiметаралық келiсiмдердiң жобалары келiсу үшiн дайындалды.
Пәкiстанмен, Үндiстанмен, Сауд Аравиясымен, Вьетнаммен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы өзара iс-қимыл туралы ұсыныстар дайындалды және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияға жолданды.
Мақсат. Қазақстанның стандарттау және сертификаттау, салаларында халықаралық еңбектi бөлуге қатысуы, сондай-ақ Қазақстан мүдделi халықаралық стандарттарды қолдану арқылы республиканың мүдделерiн қорғау.
Негiзгi шаралар. Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды серпiндi жетiлдiрудiң, халықаралық стандарттар бойынша жұмысқа көшудiң қажеттiгi ескерiле отырып халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарды жалғастыру және жетiлдiру ұйғарылады.
Бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасын Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымға ISO кiргiзу, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңесте (МАК) және Заңдық метрология халықаралық ұйымдарында (OIMIL) ынтымақтастықты ұдайы қолдау. Халықаралық электротехникалық комиссияға (IES) мүше болып кiру және өнiмдер сауда әрiптестерi елдерiмен екiжақты ынтымақтастық, оның iшiнде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан үшжақты ынтымақтастығын жасасу үшiн жағдайлар мен қажеттi материалдарды дайындау.
Еуропа қоғамдастығы елдерiмен сауда алмасудың көлемiн ескере отырып Еуропаның стандарттау және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңесiнiң мүшелерiмен бiрлесiп ТМД елдерiнде еуропалық стандарттар мен нормаларды қолдану және оларды орталықтандырып сатып алу (қамтамасыз ету мәселелерiнiң шешiмiн табу қажет).
Оны мүмкiн болатын Қазақстанның аумағына енгiзу, сондай-ақ республикада семинарлар өткiзу және мамандарды оқыту үшiн халықаралық және дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық ұйымдарын тарту мақсатында шет елдердегi стандарттау және аккредиттеу жөнiндегi ұлттық органдардың жұмыс тәжiрибесiн зерделеуге көп көңiл бөлiнетiн болады.
9. Штрихтiк кодтау жүйесiн құру.
Iстiң жай-күйi. "Қазақстан Республикасындағы штрихтiк кодтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қыркүйектегi N 1110 қаулысын P961110_ iске асыру мақсатында осы уақытқа дейiн өнiмдер мен олардың орамаларына тауарларды таңбалау кезiнде пайдаланылатын EAN штрихтiк кодтарын қолданудың және орналастырудың негiзгi ережесi, тәртiбi белгiлендi. Қазақстан Республикасында құрылған EAN Қазақстан ұйымын ұлттық нөмiрлеу ұйымы ретiнде таныған EAN Тауар нөмiрленуi халықаралық ассоциациясына мүше болып кiрдi.
EAN Қазақстанның негiзгi функциялары: мүдделi ұйымдарға өнiмдердiң сандық және штрихтiк кодының құрамына кiретiн олардың реттiк кодын бередi.
Мақсат. Материалдық және қаржы ағымдарының тауар қозғалысының есебiн жүргiзу, оның iшiнде өнiмнiң өндiрiстен тұтынуға дейiнгi өмiрлiк циклының iс жүзiнде барлық баспалдақтарында материалдық ағымдарға бақылау жасау; ақша массасының жаппай қысқаруы кезiнде ақша қаражатының айналымдылығын жеделдету; iлеспе құжаттамаларды жасауға байланысты шығыстарды төмендету; ұрлыққа қарсы пәрмендi күресу; әлеуметтiк сала мен құқық қорғау органдарында жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру.
Негiзгi шаралар. Қойылған мақсаттарды iске асыру:
штрихтiк кодтау технологияларын, оның iшiнде республикада "5 кезектесетiндерден 2", 39, 128 немесе жеделдетiлген халықаралық почтада кодтау кезiнде, өнеркәсiптiң әртүрлi салаларының технологиялық процестерiн басқаруда, iс қағаздарын жүргiзуде, қанды кодтау мен кiтапхана iсiнде және басқаларында қолданылатын басқа да штрихтiк кодтарды қолданудың негiзгi ережесi мен тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құжаттардың жиынтығын қолдануға талдау жасау және оның нормативтiк-құқықтық базасын әзiрлеу;
штрихтiк кодтау жөнiндегi ҚР СТ 6.0 96 негiзiн салушы стандартқа "5 кезектесетiндерден 2", 39, 128 немесе басқа да штрихтiк кодтарды қолдану және өнiмдер мен қызмет көрсетулердi сатушылар мен сатып алушылардың/тапсырысшылардың өзара iс-қимылын, құқықтарын және мiндеттерiн белгiлеу саласы бөлiгiнде өзгерiстер
енгiзу. Сонымен бiр уақытта штрихтiк кодтау технологиясын, оның
iшiнде өнеркәсiптiк кәсiпорындарда, көтерме және бөлшек сауда, қызмет
көрсету саласында, денсаулық сақтау мен фармацевтiк қызметте, қан
қызметiнде, қоғамдық қауiпсiздiкте, енгiзу үшiн экономика мен
өнеркәсiптiң басымдықты салаларындағы кодтандыру объектiлерiн
белгiлеу қажет.
4. Бағдарламаны iске асыру
1. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету.
Бағдарламаның шараларын қаржыландыру техникалық көмектер мен
мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiн болатын көздерiн тартудың есебiнен
жүргiзiледi. Бағдарламаны iске асыру үшiн 1998-2000 жылдары 7 665976
АҚШ доллары талап етiледi.
1-кесте
__________________________________________________________________
Шаралардың атауы | Бағдарламаны iске асыруға арналған
|қаржы шығындары (мың АҚШ доллары)
|____________________________________
|Барлығы| оның iшiнде
| |____________________________
| | 1998 | 1999 | 2000
| |жылға | жылға | жылға
| |(борыш) | |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
1. Техникалық көмек гранттары | | | |
қаражатының есебiнен | | | |
қаржыландыру: | | | |
___________________________________________________________________
1) дүниежүзiнiң өнеркәсiбi | 2000 | - | 1000 | 1000
дамыған елдерiнiң халықаралық,| | | |
аймақтық және ұлттық | | | |
стандарттарын, техникалық | | | |
регламенттерiн және | | | |
жiктеушiлерiн алу | | | |
___________________________________________________________________
2) Астана қаласында Ақпарат. | 4000 | - | 2000 | 2000
тық орталық құру және оны | | | |
жарақтандыру | | | |
___________________________________________________________________
3) кадрларды оқыту және | 1000 | - | 500 | 500
даярлау | | | |
___________________________________________________________________
Жиыны | 7000 | - | 3500 | 3500
___________________________________________________________________
2. Мүшелiк жарналарды төлеу: | | | |
___________________________________________________________________
1)мемлекетаралық ынтымақтастық| | | |
___________________________________________________________________
Стандарттау жөнiндегi |6,855 | 3,538 | 3,317 | -
мемлекетаралық кеңес (МАК) | | | |
___________________________________________________________________
2) халықаралық ынтымақтастық: | | | |
___________________________________________________________________
Стандарттау жөнiндегi |105,343| 79,007 | 26,336 | -
халықаралық ұйым (ISO) | | | |
___________________________________________________________________
заң шығару метрологиясы |53,778 |40,557 | 13,221 | -
жөнiндегi халықаралық ұйым | | | |
(IOML) | | | |
___________________________________________________________________
мемлекеттiк стандарттарды | 500 | - | 300 | 200
халықаралық талаптармен | | | |
үйлестiру | | | |
___________________________________________________________________
ЖИЫНЫ: |665,976|123,102 |342,874 | 200
___________________________________________________________________
Жиынның жалпы сомасы: | 7665, |123,102 | 3842, | 3700
| 976 | | 874 |
____________________________________________________________________
2. Бағдарламаны iске асырудың тетiгi
Жұмыстардың негiзгi тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, атқарушысы "Стандарттау және сертификаттау туралы" және "Өлшемдер бiрлiгi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жүктелген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi болып белгiлендi.
Бағдарламаға қатысуға Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалары тартылады.
Бағдарламаны iске асырудың тетiгi өзiне:
бағдарламада көзделген жұмыстарды жоспарлауды, iске асыруды және олардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру шараларын;
халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру аяқтауға мүмкiндiк беретiн методологиялық шараларды;
ақпараттарды қорғаудың талаптарын сақтай отырып ең жаңа технологияларды енгiзудiң негiзiнде республикада ақпараттық жүйелер құруды қамтамасыз ететiн техникалық шараларды қамтиды.
Бағдарламаның орындалуына бақылау жасауды негiзгi тапсырысшы
жүзеге асырады. Бақылау жасау:
атқарушының бағдарламалық шаралардың iске асырылуы туралы
мерзiмдi есептiлiгiн;
атқарушының бөлiнген қаражатты пайдалануына бақылау жасауды;
бағдарламалық шараларды орындаудың мерзiмдерi мен сапасының
сақталуына бақылау жасауды қамтиды.
Қоса атқарушылар жұмыстарды негiзгi атқарушыға негiзгi атқарушы
белгiлеген тәртiпке сәйкес өздерiнiң қаражатты пайдалануына және
бағдарламалық шаралардың орындалуына есеп бередi.
5. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк стандарттау
және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiру бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi негiзгi шаралар
___________________________________________________________________
Шаралардың атауы | Аяқтау | Жауапты |Атқару
| нысан |атқарушы | мерзiмi
___________________________________________________________________
1. Стандарттау және
сертификаттау жөнiндегi
қолданылып жүрген заңдарды
жетiлдiру
"Стандарттау туралы" Заңдардың Мемстандарт, 1998 жыл:
және "Сертификаттау туралы" жобалары Орталық қазанда -
Қазақстан Республикасы атқарушы Әдiлетминi,
заңдарының жобаларын органдар қарашада-
дайындау Үкiмет
2. Стандарттау және
сертификаттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттарды
жетiлдiру
Оларды халықаралық Стандарт Мемстандарт 1998-2000
нормалар мен талаптарға жылдары
(ISO 8402, ISO 9000, EN
45000, ISО/IЕС 2 басшылығы
және басқалары) сәйкес
келтiру мақсатында стан.
дарттау, сертификаттау
және аккредиттеу жөнiндегi
негiзiн салушы нормативтiк
құжаттардың кешенiн қайта
қарау және әзiрлеу:
"Қазақстан Республика. Стандарт Мемстандарт 1998 жылғы
сының мемлекеттiк стандарт. қараша
тау жүйесi. Негiзгi ережелер"
"Қазақстан Республика. Стандарт Мемстандарт 1998 жылғы
сының мемлекеттiк стандарт. қараша
тау жүйесi. Мемлекеттiк
стандарттарды әзiрлеудiң
тәртiбi"
"Стандарттау жөнiндегi Стандарт Мемстандарт "-"
жұмыстарды жоспарлаудың
тәртiбi" стандартының жобасы
"Стандарттау және Стандарт Мемстандарт 1998 жылғы
сертификаттау жөнiндегi ақпан
халықаралық, аймақтық және
ұлттық нормативтiк құжат.
тарды қолданудың тәртiбi"
стандартының жобасы
"Сапа және өндiрiс Стандарт Мемстандарт 1998 жылғы
жүйелерiн сертификаттау. қараша
Негiзгi ережелер"
стандартының жобасы
"Сапа және өндiрiс Стандарт Мемстандарт "-"
жүйелерiн сертификаттау.
Өндiрiстi сертификаттауды
жүргiзудiң тәртiбi"
стандартының жобасы
"Сапа және өндiрiс Стандарт Мемстандарт "-"
жүйелерiн сертификаттау.
Сапа жүйелерiн сертификат.
тауды жүргiзудiң тәртiбi"
стандартының жобасы
"Сертификаттау жөнiн. Стандарт Мемстандарт 1999 жылғы
дегi органдарды, сынақ және тамыз
өлшеу лабораторияларын
аккредиттеудiң жүйесi.
Негiзгi ережелер"
стандартының жобасы
"Сертификаттау жөнiн. Стандарт Мемстандарт 2000 жылғы
дегi органдарды сынақ және мамыр
өлшеу лабораторияларын
тiркеу жүйесi. Сынақ
лабораторияларына (орталық.
тарына)талап және оларды
тіркеудiң тәртiбi"
стандартының жобасы
"Сертификаттау жөнiн. Стандарт Мемстандарт 2000 жылғы
дегi органдарды, сынақ және мамыр
өлшеу лабораторияларын
аккредиттеу жүйесi. Сертифи.
каттау жөнiндегi органдарға
талап және оларды аккредит.
теудiң тәртiбi"
стандартының жобасы
3. Ұлттық стандарттарды
халықаралық талаптармен
үйлестiру
1. Оларды халықаралық Мемстан. Мемстандарт, 1999 жылғы
нормалармен және талаптармен дарттың министрлiктер шiлде
үйлестiру мақсатында респуб. қаулысы мен ұйымдар
лика экономикасының сала.
ларында өнiмдер мен
шикiзаттың негiзгi экспорт.
талатын түрлерiне қолданы.
латын нормативтiк құжаттар.
дың жай-күйiне талдау
жүргiзу
2. ISO сериясы 14000 Стандарт Мемстандарт, 1999 жылы
"Қоршаған ортаны басқару мүдделi
жүйесi" халықаралық стан. министрлiк.
дарттардың негізінде ұлттық тер
кешенiн әзiрлеу
4. Каталогтау және
фирмалық стандарттау
жүйелерiн құру
Жүйелердiң негiзгi Стандарт. Мемстандарт "-"
ережелерiн; каталогтау тар,
жүйесiнiң есебiн жүргiзу ұсынымдар
мен жүргiзудiң тәртiбiн;
фирмалық стандарттарды/
кәсiпорындардың стандарт.
тарын құрудың, олардың
мазмұнының және берiлуiнiң
тәртiбiн реттейтiн стан.
дарттар мен ұсынымдардың
кешенiн әзiрлеу
5. Республикада
штрихтiк кодтау жүйесiн
енгiзу
Штрихтiк кодтау жүйесi Стандарт Мемстандарт 1998 жылғы
бойынша стандарттардың желтоқсан
кешенiн әзiрлеу
6. Республикада
техникалық-экономикалық
және әлеуметтiк ақпарат.
тарды (ТЕАӘ) жiктеу және
кодтау жүйесi бойынша
жұмыстар жүргiзу
1. Республиканың Мемстан. Мемстандарт "-"
аумағында қолданылатын дарттың
жiктеушiлердiң (ТЕАӘ) қаулысы
тiзбесiн дайындау
2. Ресей мен ТМД-ның Мемстандарт, 1998 жылғы
Молдаваның мемлекетаралық Мемлекет. Еңбек және қараша-
жiктеушiлер ретiнде ұсыныл. аралық халықты желтоқсан
ған халық туралы (кәсiбi, Кеңесiне әлеуметтiк
мамандықтары, жұмыспен қорытынды қорғау
қамтылу мәртебесi) ұлттық министрлiгi
жiктеушiлерiн пысықтау
3. Техникалық-эконо. Стандарт Мемстандарт 1999 жылғы
микалық және әлеуметтiк ақпан
ақпараттарға(ТЕАӘ) жiктеу.
шiлер жүргiзудiң тәртiбiне
стандарттар әзiрлеу
7. Қазақстан Республи.
касының Мемлекеттiк стан.
дарттар қорын қалыптастыру
және дамыту
1. Қазақстан үшiн Мемстан. Мемстандарт, 1998-2000
мүдденi бiлдiретiн дүниежүзi дарттың Стандарттар жылдары
елдерiнiң халықаралық, қаулысы жөнiндегi
аймақтық және ұлттық стан. техникалық
дарттарының тiзбесiн дайындау комитеттер
2. Оларды республиканың Стандарт. Мемстандарт, "-"
аумағында қолдану мақсатында тар Энергетика,
халықаралық, аймақтық индустрия
және ұлттық стандарттарды және сауда
алуды және аударуды министрлiгi
қамтамасыз ету
3. Қазақстан Республи. Норматив. Мемстандарт 1998 жылдың
касы стандарттарының ақпа. тiк құжат қарашасы
раттық қорлары жұмысының
(НҚ мен каталогтарды
дайындауды қамтамасыз етудi,
басып шығаруды және таратуды
қоса алғанда) тәртiбiн;
нормативтiк құжаттарды Норматив. Мемстандарт "-"
Қазақстан Республикасының тiк құжат
Мемлекеттiк стандарттар
қорының құжаттарына жатқызу.
дың тәртiбiн реттейтiн
нормативтiк құжаттардың
кешенiн әзiрлеу
8. Мемстандарттың
жүйесiнде арнаулы Ақпараттық
орталық құру
1. Тарифтер мен сауда Энергетика Энергетика, 1998 жылдың
жөнiндегi Бас келiсiмнiң индустрия индустрия желтоқсаны
ГАТТ/ДСҰ талаптарына және сауда және сауда
сәйкес Ақпарат орталығын министрлi. министрлiгi
құру гiнiң
қаулысы
2. Ақпарат орталығын Орталықты Энергетика, 1999 жылы
қажеттi техникалық құрал. жарақтан. индустрия
дармен, ұйымдастыру техни. дыру және сауда
касымен және нормативтiк министрлiгi
базамен жарақтандыру
9. Кадрларды даярлау
және қайта даярлау
жүйелерiн жетiлдiру
1. Дүниежүзiнiң Тәжiрибе. Энергетика, 1999-2000
өнеркәсiптiк дамыған елдерi. лердi индустрия жылдары
нiң ұлттық ұйымдарды стан. зерделеу, және сауда
дарттау және сертификаттау мамандарды министрлiгi
жөнiндегi жұмыс тәжiрибе. шет елде
лерiн зерделеу оқыту
2. Мемстандарт жүйесi. Мемстан. Мемстандарт 1998 жылдың
нiң ведомстволық бағыныстағы дарттың қазаны
кәсiпорындарының базасында қаулысы
стандарттау және сертификат.
тау саласында кадрларды
даярлауды және оларды қайта
даярлауды жүргiзу жөнiндегi
бөлiмше құру
3. Оқу орындары үшiн Бағдарла. Мемстандарт, жыл сайын
оқу процесiнде стандарттау малар мен Бiлiм,
және сертификаттау мәселе. ұсынымдар. мәдениет және
лерi бойынша сабақ беру ды келiсу денсаулық
тақырыптары жөнiнде оқыту сақтау
бағдарламалары мен ұсыным. министрлiгi
дарын келiсудi жүргiзу
10. Мемлекетаралық
және халықаралық ынтымақ.
тастық
1. ТМД елдерi стандарт. Екiжақты Мемстандарт 1998-2000
тау, метрология және шарттар жылдары
сертификаттау жөнiндегi
ұлттық органдарының ақпарат.
тық қорларымен;
стандарттау, метрология Екiжақты Мемстандарт "-"
және сертификаттау жөнiндегi шарттар
ақпараттық халықаралық және
аймақтық ұйымдармен ынтымақ.
тастық туралы шарттар,
келiсiм шарттар немесе
келiсiмдер жасасу
2. INTERNET ақпараттық Жасалған Мемстандарт, 1998-2000
желiсi арқылы ТМД елдерiмен, шарттарға мүдделi жылдары
стандарттау, метрология сәйкес министрлiктер
және сертификаттау мен
аккредиттеу жөнiндегi
халықаралық, аймақтық және
ұлттық ұйымдармен, сондай-ақ
республиканың iшiнде
байланысты ұйымдастыру
3. Стандарттау жөнiн. Келiсiмнiң Мемстандарт, 1998 жылы
дегi Халықаралық ұйымға жобасы Қаржы
(ISO) кiру немесе министрлiгi
жарна
бойынша
борышты
төлеу
4. Стандарттау, метро. Жарналар Мемстандарт, ұдайы
логия және сертификаттау төлеу Қаржы
жөнiндегi мемлекетаралық министрлiгi
кеңеске (МАК) мүшелiктi
қолдау
5. Халықаралық заң Жарналар Мемстандарт ұдайы
шығару метрологиясы төлеу
ұйымына (IOML) мүшелiктi
қолдау
6. Халықаралық электр Келiсiмнiң Мемстандарт 1998-1999
техникалық комиссиясына жобасы жылдардан
(IEC) кiруге құжаттар бастап
дайындау