1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн белгiленген тәртiппен "Оңтүстiк Қазақстан БЭК" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына, 1-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк пакеттерiн "Талдықорған БЭК" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берсiн;
2) осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр апта мерзiмде, заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың банкроттығы туралы сотта iс қозғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың конкурстық массасын өткiзу жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға инвесторларды тарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. "Кәсiпорындарды қайта" ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы сот органдары аталған акционерлiк қоғамдарды банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен келiсе отырып, сотқа конкурстық басқарушының кандидатурасын ұсынсын және кредиторлар комитетiне өкiлдiң кандидатурасын айқындасын.
4. Сот органдары оларды банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда, осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың зор стратегиялық маңызын ескере отырып, конкурстық массаны сатудың мыналарды көздейтiн айрықша шарттары мен тәртiбiн белгiлесiн:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар мен бәсекелестiктi реттеу жөнiндегi комитетiнiң, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қортындыларын ескере отырып, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамының конкурстық массаны сатудың жоспарын бекiту;
2) өндiрiстiң үздiксiз циклын сақтай отырып және табиғат қорғау объектiлерiнiң жұмысын қамтамасыз ете отырып, банкроттық рәсiмдерiн жүргiзу;
3) қызметкерлермен еңбек шарттарының үзiлмеуiн және мүлiк кешенiн сатып алушының осы шарттар бойынша құқықтық мұрагерлiгiн қамтамасыз ету;
4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес конкурстық басқарушыға өндiрiстiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында келiсiм-шарттар жасасу құқықтарын беру;
5) конкурстық iс жүргiзу кезеңiнде үздiксiз жұмысты қамтамасыз етуге байланысты шығындарды сатып алушының өтеуi;
6) электр бөлу торабы компанияларын қысқы кезеңге дайындау үшiн қажеттi кепiлдiк жарнасын сауда жеңiмпазының сатып алу-сату шартына қол қойылғанға дейiн депозитке енгiзу;
7) конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзу.
5. Осы қаулының 4-тармағының 6)-тармақшасын iске асыруға байланысты қаражаттардың мақсатқа сай пайдалануына бақылау жасау "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына және Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы "2" қазандағы N 987 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Талдықорған БЭК" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берiлетiн акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Талдықорған көлiк-энергетика кешенi" АҚ "Алакөл БЭС" АҚ "Жаркент БЭС" АҚ "Ақсу БЭС" АҚ "Сарқант БЭС" АҚ "Үштөбе БЭС" АҚ "Текелi БЭС" АҚ "Сарыөзек БЭС" АҚ "Көксу БЭС" АҚ "Талдықорған БЭС" АҚ "Қарабұлақ БЭС" АҚ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы "2" қазандағы N 987 қаулысына 2-қосымша Банкроттық туралы iс қозғау жөнiнде шаралар қабылданатын акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Ақмола БЭК" АҚ "Жамбыл БЭК" АҚ "Талдықорған БЭК" АҚ "Оңтүстiк Қазақстан БЭК" АҚ "Оңтүстiк электр торабы БЭК" АҚ "Алыс электр беру" АҚ