Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеудiң нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 967

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Шет елде қысқа мерзiмдi iссапарда болатын қызметкерлердiң
шығыстарын өтеудiң нормалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     2. Аталған нормалар 1998 жылдың 1 қазанынан бастап енгiзiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шет елге
iссапарға арнап бөлiнген валюта қаражатының жұмсалуына тұрақты
бақылау жасасын.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          1998 жылғы 29 қыркүйектегi
                                              N 967 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

        Шет елде қысқа мерзiмдi iссапарда болатын қызметкерлердiң
                    шығыстарын өтеудiң нормалары
___________________________________________________________________
                  1                  |             2
___________________________________________________________________
1. Тұрғын үйдi жалдауға ақы төлеу
     (бiр адамға тәулiгiне):

а) Премьер-Министрдiң орынбасарлары,    нақты шығыстар бойынша
   министрлiктердiң, мемлекеттiк        (бiрақ бес жұлдызды қонақ
   комитеттердiң, Үкiметтiң құрамына    үйдiң бiр орындық стандарттық
   кiрмейтiн орталық атқарушы           нөмiрiнiң құнынан артық
   органдардың және басқа да            емес)
   мемлекеттiк органдардың басшылары,
   облыстардың, Астана және Алматы
   қалаларының әкiмдерi үшiн

б) министрлiктердiң, мемлекеттiк        нақты шығыстар бойынша (бiрақ
   комитеттердiң, Үкiметтiң құрамына    төрт жұлдызды қонақ үйдiң бiр
   кiрмейтiн орталық атқарушы           орындық стандарттық нөмiрiнiң
   органдардың және басқа да            құнынан артық емес)
   мемлекеттiк органдардың
   басшыларының орынбасарлары:
   облыстардың, Астана және Алматы
   қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары;
   департаменттердiң, агенттiктердiң,
   орталық атқарушы органдар
   комитеттерiнiң және басқа да
   мемлекеттiк органдардың басшылары
   үшiн

в) делегация басшылары үшiн (осы        нақты шығыстар бойынша (бiрақ
   тармақтың "а" және "б" тармақша.     үш жұлдызды қонақ үйдiң бiр
   ларында аталған адамдардан басқа),   орындық стандарттық нөмiрiнiң
   делегация мүшелерi (жекелеген        құнынан артық емес.
   адамдар) аудармашылар мен iлесiп
   жүретiн адамдар үшiн

2. Шет елде қысқа мерзiмдi iссапарда
   болатын қызметкерлердiң тәулiктiк
   шығыстарын өтеудiң нормалары

а) АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия,  70 АҚШ доллары
   Франция, Канада, Жапония елдерi
   бойынша

б) Батыс Европа елдерi бойынша (осы     60 АҚШ доллары
   тармақтың "а" тармақшасында
   аталған елдерден басқа), сондай-ақ
   Сингапур, Оңтүстiк Корея, Израиль,
   Австралия

в) Шығыс Европа елдерi бойынша          50 АҚШ доллары
   (бұрынғы социалистiк елдер),
   сондай-ақ Египет, Қытай, БАЭ, ОАР

г) басқа елдер бойынша                  40 АҚШ доллары

д) ТМД елдерi бойынша                   30 АҚШ доллары