(1-3) <*>
ЕСКЕРТУ. 1-3-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.25.
N 173 қаулысымен. P990173_
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарының қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң лимитiн қысқартудың есебiнен 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын ұстау үшiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Оңтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын орналастыру үшiн бiр ай мерзiмде үй-жай бөлсiн.
7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 391а қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi