Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 қыркүйектегі N 917 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

Күшін жойған

      Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің келісімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен төленетін, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланатын импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің және тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 маусымдағы N 959 қаулысының редакциясында) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің келісімімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланатын импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің және тауарлардың тізбесінде:
     3-бағанындағы реттік нөмірі 95-жолдағы "7304 10" деген сандар "7304, 7305, 7306-дан" деген сандармен ауыстырылсын;
     3-бағанындағы реттік нөмірі 96-жолдағы "7304 21 000" деген сандар "7304, 7305, 7306-дан" деген сандармен ауыстырылсын;

     2. Осы қаулы жариялануға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі