Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қыркүйек N 897. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     "Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қазандағы N 1226 қаулысына  (Қазақстан  Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 41, 387-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға "Қазақстан Республикасының кеден шекараларында 1997-98 жылдары салуға жататын бақылау-өткізу пункттерінің тізбесі" деген қосымшада:
     реттік нөмірі 31, 39-жолдар алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

     "Ақмола облысы

     44. Қызылжар       - 1998
     45. Ақжол          - 1998".             

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі