Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiленген тәртiппен мына құрамда "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының байқаушы кеңесiн бекiту жөнiнде шара қолдансын: Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төраға (келiсiм бойынша) Әбiтаев Есенберген Әбiтайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Дауылбаев Асхат Қайзуллаұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Ержанов Оразалы Сәнтайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң директоры Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары Құрманғалиев Серiк - Қазақстан Республикасының Шолпанқұлұлы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының президентi 2. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 желтоқсандағы N 1764 P971764_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 54, 492-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi