Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 19 тамыздағы N 770

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңын Z980213_ іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 P971680_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік

құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеге:
     3-тармақта:
     төртінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 
жарлықтары" деген сөздер алынып тасталсын;
     бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші азатжолдар мынадай 
редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының 
нормативтік қаулылары;
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
     Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және 
Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
     Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы 
органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін 
қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілері;"
     4-тармақтың екінші азатжолында:
     "енгізілгеннен кейін бес күн ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;
     "және орыс тілдерінде" деген сөздерден кейін "қағаз және электрондық 
сақтаушыларда" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі