1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесімен танысу үшін, мамандандырылған халықаралық симпозиумдарға және басқа да дәл осы секілді шараларға қатысу үшін қызметкерлердің бюджет қаражаты есебімен тәлімдемеге, семинарларға, қайта дайындау курстарына бұрын жоспарланған шетелге шығу іссапарларын тоқтатсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі Басшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия делегацияларының, жұмыс топтары мен сарапшылардың ресми және жұмыс іссапарларын әзірлеуге, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтері басшыларының, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері Мемлекетаралық Кеңесі мен Кеңесінің және Орталық-Азия экономикалық қоғамдастығының мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысты жағдайларды қоспағанда. Бұл жағдайларда лауазымды тұлғалардың іссапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның орнындағы тұлғаның рұқсаты бойынша жүргізіледі, министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың лауазымды адамдары бюджет қаражатының есебінен шетелге іссапарға тек Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде ғана жіберілетін болсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.09.15. N 887 қаулысымен.
P980887_ 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге іссапарға бөлінетін валюталық қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтсін. 4. Атқарушы органдардың жүйесіне кірмейтін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік органдарға мемлекеттік қаражатты үнемдеу мақсатында шетелге жоспарланған іссапарларды оларды қысқарту жағына қарай қайта қарау ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі