"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958
Жарлығын
iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағына өтетiн, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн жедел басқару құқығы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiне бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 31 шiлдедегi
N 725 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау
жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларына сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi және атқарушы органдардың оларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiрудi қамтамасыз ету.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi, арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ атқарушы органдардың осы жоспарларды дайындау және iске асыру кезiндегi қызметiн ведомствоаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитеттiң аппаратын ұстауға және оның қызметiне арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Комитеттiң құрылымы мен ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Комитет заңды тұлға болып табылады, банкте есеп-шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi
6. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу және олардың орындалуына бақылау жасау;
2) мемлекеттiк аймақтық, макроэкономикалық, әлеуметтiк және сыртқы экономикалық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
3) мемлекеттiк инвестициялардың бағдарламаларын әзiрлеу;
4) экономикалық ақпаратты жедел жинау, талдау және өңдеу жүйесiн жетiлдiруге, жаңа есептеу және телекоммуникациялық жүйелердiң базасында бiртұтас ақпараттық жүйе құруға қатысу болып табылады.
7. Комитет орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың ағымдағы және орта мерзiмдiк индикативтiк жоспарларын әзiрлейдi, аталған жоспарларды Үкiметтiң бекiтуiне енгiзедi;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл жоспарларының iске асырылуына бақылау жасауда және олардың iске асырылуы жөнiндегi есептердi жүзеге асырады.
3) салалық және аймақтық тұрғыда әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерге талдау жасайды;
4) мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн жасайды;
5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды әзiрлейдi;
6) заңдарда белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет жобасының негiзгi көрсеткiштерiн айқындауға қатысады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құруға қатысады;
8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асырады;
9) техникалық көмектердi үйлестiредi.
8. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) атқарушы органдардың әлеуметтiк-экономикалық дамудың қысқа мерзiмдiк және орта мерзiмдiк бағдарламаларын iске асыруына бақылау жасауды жүзеге асыруға, атқарушы органдарға олар қабылдаған аталған бағдарламаларды iске асыруға кедергi келтiретiн актiлердi тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзуге;
3) өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
5) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiкке иелiк етудi, пайдалануды және билiк жасауды жүзеге асыруға;
6) шарттық негiзде басқа атқарушы органдардың мамандарын, шетелдiк және отандық сарапшыларды тартуға;
7) нормативтiк құқықтық актiлердi, мемлекеттiк бағдарламаларды, индикативтiк жоспарларды және басқа да құжаттарды әзiрлеу үшiн ведомствоаралық топтар мен консультативтiк кеңестер құруға;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат алуға құқығы бар.
9. Комитеттiң осы Ережеде көрсетiлген құқықтарымен қатар, оған қолданылып жүрген заңдарда берiлген басқа да құқықтары бар.
5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
10. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
11. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
12. Комитеттiң төрағасы:
1) Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, оның жүйесiне кiретiн органдар мен ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) Комитетке жүктелген функциялардың орындалуы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады;
3) Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес атқарушы органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
5) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешiм қабылдайды.
13. Комитет өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының атқаруы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Комитет қабылдаған шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
14. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 31 шiлдедегi
N 725 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгi Экономикалық жоспарлау
жөнiндегi комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Индикативтiк жоспарлау басқармасы
Салалық және аймақтық саясат басқармасы
Ақпараттық-талдау жұмыстары басқармасы
Сыртқы көмектi үйлестiру басқармасы
Ұйымдастыру жұмысы бөлiмi