Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Астана қаласына орналасуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 29 шілдедегі N 722. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік  комитетінің Астана қаласына орналасуы жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Астана қаласында Бейбітшілік көшесіндегі 10-ғимаратқа орналастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Комитеттің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін ескере отырып орналасудың тәртібін белгілесін.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі