1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берiлген гербицидтер үшiн берешектердi өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 шiлде N 679. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.04. N 1126 қаулысымен. ~P981126

Күшін жойған

      Ақмола және Қостанай облыстарының "Құнарлылық" акционерлiк қоғамдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне берешектерiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ақмола және Қостанай облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, "Рон-Пуленк Агро Қазақстан" фирмасының "Құнарлылық" акционерлiк қоғамдарына 1997 жылы берген гербицидтерi үшiн берешектерiне салыстыру жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Ақмола және Қостанай облыстарының әкiмдерiне, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамына 1997 жылы берiлген гербицидтер үшiн, көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне берiлген кепiлдiктер бойынша берешектердi өтеуi үшiн несиелер берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Ақмола және Қостанай облыстарының әкiмдерi 1998 жылдың 15 қарашасына дейiн осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген несиелердi өтеудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi