Халықаралық дағдарыстық құбылыстардың ықпал етуi мен шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның түсiп кетуi жағдайында елде экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық тұрақтылықты нығайту жөнiндегi меморандумы (бұдан әрi - Меморандум) мақұлдансын.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары осы
Меморандумның қағидаларын сөзсiз орындауға қабылдасын, екi апта
мерзiм iшiнде оны жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлесiн және қажет
болғанда Меморандумды iске асыруға бағытталған үкiмет шешiмдерiнiң
жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi Меморандумның мәтiнiн бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияласын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 11 шiлдедегi
N 656 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық
тұрақтылықты нығайту жөнiндегi меморандумы
Қазақстан экономикасының халықаралық қаржы жүйесiне дәйектi кiрiгуi процесiнде басқа елдермен өзара тиiмдi ынтымақтастық пен сауда мүмкiндiктерi кеңею үстiнде. Дей тұра, Қазақстанның экономикасы халықаралық дағдарыстық құбылыстардың ықпалына бейiм болып отыр. Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiндегi экономикалық және қаржылық дағдарыс, оның салдарынан болған шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның түсiп кетуi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң кiрiстерiн нығайту, оның шығыстарын азайту және iскерлiк белсендiлiгiн ынталандыру жөнiнде сақтандыру шараларын қабылдауды талап етедi.
Топтастырылған мемлекеттiк баланстың кiрiс бөлiгiн нығайту мақсатында Үкiмет салықтық және кедендiк әкiмшiлiктендiрудi жақсарту, салық төлеушiлердi тiркеудiң ұлттық жүйесiн құру, салық қызметiн компьютерлендiру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ мемлекеттiк бюджет пен бюджеттен тыс қорларға iрi салық төлеушiлер түсiмдерiнiң мониторингiн ұйымдастыру, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларына төлем жасайтын салық төлеушiлердiң тiзбесiн нақтылау ниетiнде.
Мұнай мен мұнай өнiмдерiне, металдарға және бiрқатар басқа да тауарларға бағаның төмендеуiне байланысты мемлекеттiк бюджетке бiрқатар негiзгi салықтардың түсуiнiң қысқарғаны байқалуда, олардың ставкаларын төмендетуге уақытша мораторий енгiзiлетiн болады.
Спирт пен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялаудың шарттарын қатайтуға қоса, спирт пен алкоголь өнiмдерiн заңсыз шығарғаны және айналымға жiбергенi үшiн қылмыстық жауаптылық енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзiлетiн болады.
Үкiмет Жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттардың бiрыңғай тiзiлiмiн жасауды аяқтауды, барлық келiсiм-шарттарға қатаң тексерiс жүргiзудi және шарттары бұзылып отырғандарын керi қайтарып алуды көздеп отыр.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағынан тиiстi салықтар, баждар мен алымдар төлеместен тауарлар әкетуге тыйым салуға кедендiк бақылау күшейтiледi.
Мемлекеттiк меншiктi пайдалануға бақылау жасауды күшейту мақсатында жекешелендiру бағдарламасы, борыштық мiндеттемелердi қабылдап алушыларды нақты белгiлей отырып, заңнамалық кесiмдерде көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын болады.
Үкiмет табиғи монополиялардың шығыстарына, ұлттық компаниялар алатын қарыздарға бақылау жасау жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
Iшкi қаржы тұрақтылығын нығайту мақсатында мемлекеттiк шығыстарды оңтайландыру жөнiнде шаралар жүргiзiледi. Осы бағытта үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мемлекеттiк қызметшiлер санағының негiзiнде бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң саны айтарлықтай қысқартылатын болады. Осымен бiр уақытта жылдың аяғына дейiн мемлекеттiк қызметшiлердi бос тұрған лауазымдарға қабылдауға мораторий енгiзiледi.
Үкiмет басымдықты емес құрылыс объектiлерiн қаржыландыруды уақытша қысқартуды ұйғарып отыр. Қалған коммуналдық меншiктi жылдың аяғына дейiн ақша аукциондарында сату ұйымдастырылатын болады.
Үкiмет мемлекеттiк бюджеттiң, бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын және мемлекеттiң үлесi бар кәсiпорындарда, ең алдымен табиғи монополияларда тендерлiк негiзде тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуды жүзеге асыруға бақылауды қатайтады.
Бюджеттiк ұйымдардың ұялы телефондарға қызмет көрсетуге, iссапар шығыстарына, жиhаздар, жаңа автомобильдер және жабдықтар сатып алуға арналған шығыстары қысқартылады; бюджеттiк ұйымдардың электр энергиясын, жылу энергиясын, байланыс қызметтерiн тұтынуының және орналасқан алаңдары лимиттерiн айқындаудың тетiгi әзiрленедi; әкiмдер мен бюджеттiк ұйымдар басшыларының несиелiк берешектердiң одан әрi өсуiне жол бергенi үшiн жеке жауапкершiлiгi енгiзiлетiн болады.
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау жөнiндегi шаралар жүйесiнiң шеңберiнде бiрқатар тауарларға 10 % мөлшерiнде ҚҚС ставкасы белгiлендi, ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi үшiн патенттiң құны 80 %-ке төмендетiлдi, шикiзат өндiрушiлер үшiн ҚҚС төлеу кезiндегi есептеме жүйесi енгiзiлдi.
Экономиканың нақты секторын қаржылық сауықтыру мақсатында жылдың аяғына дейiн төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың банкроттық рәсiмдерi аяқталатын, алтын рыногын ырықтандыру және кәсiпкерлiктi қолдау туралы заңдарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ой-ниеттерiн табысты iске асыру елдегi экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қолдауды қамтамасыз етедi.
ЕСКЕРТУ. 7-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.04. N 658 қаулысымен.
P000658_