Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мемлекеттiк лицензиялар беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 653

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 N963223_ өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103 P970103_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 2, 22-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттiк

(ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мына заңды
тұлғаларға мемлекеттiк лицензиялар берiлсiн:
     "Қазақстан" кәсiподақтардың дене тәрбиесi-спорт қоғамы" қоғамдық
бiрлестiгi;
     "Парасат-Инвест" фирмасы - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;
     "Қазақстан лотереясы" жабық акционерлiк қоғамы;
     "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi ассоциациясы" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi;
     Павлодар облысының аумағында "Қалалық мәдениет бөлiмi" мекемесi.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. N 1328
               

P981328_

 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi