Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 8 шiлдедегi N 648

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Қару (Арсенал) -1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 қарашадағы N 1502 P971502_ қаулысының 4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
 

P960790_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,
256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
     аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 461-1 және
461-2 жолдармен толықтырылсын;
     "461-1 "Қару (Арсенал) - 1"
            республикалық мемлекеттiк
            кәсiпорны (шаруашылық
            жүргiзу құқығында)          Алматы қаласы
     461-2 "Қару (Арсенал) - 2"
           республикалық мемлекеттiк
           кәсiпорны (шаруашылық
           жүргiзу құқығында)          Алматы қаласы".

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi